Хабарландырулар және ғылымдағы оқиғалар

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде докторанттарға арналған бағдарлау аптасы

13.09.2022

2022 жыл қыркүйек айының 5 мен 9 жұлдызы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторанттарға арналған Жаңа бағдарлау аптасы (PhD Orientation Week) өтті. Бағдарлау аптасы докторанттарды даярлау процесін ұйымдастыру, зерттеулер жүргізу және ғылыми мақалаларды халықаралық журналдарда жариялау бойынша вебинарлармен қамтылды.

Ары қарай оқу >>

Ғылым және инновациялар бойынша Еуропалық Одақтың шеңберлік бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісімен кездесу

09.09.2022

2022 жылдың 9 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ғылым және инновациялар бойынша Еуропалық Одақтың шеңберлік бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Мағзиева Камила Түсіпханқызының «Horizon Europe Еуропалық Одақтың ғылым мен инновацияға инвестициялаудың шеңберлік бағдарламасына қатысу тақырыбындағы презентациясына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Ғылымдағы жастар»

25.08.2022

2022 жылғы 24-25 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University мен Nazarbayev University қабырғасында «Адами капитал – Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» Ғылым және жоғары білім форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

Магистранттар мен докторанттарға арналған республикалық ғылыми мақалалар байқауы

15.06.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды.

Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.    

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК СТИПЕНДИЯЛАР БАЙҚАУЫ – 2021

15.06.2021

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінім қабылдауды жариялайды.

Байқау 2010 жылдан бастап студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық талантын таныту мақсатында өткізіліп келеді. Содан бері 700-ден аса дарынды қазақстандық қордың стипендиаты атанды.

Байқауға жоғары және орта арнаулы (өнер мен мәдениет) орта оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.

Дербес стипендияға үміткерлер:

— ең кемі оқудың екі курсын сәтті аяқтау;

— академиялық үлгерімі жоғары болу (жақсы оқу);

— қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу;

— республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жету («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін).

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар студенттер қатыса алады.

 

Ары қарай оқу >>

СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

01.03.2021

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базалық ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2021 жылдың 22 ақпанындағы №14-2/331-1-ВН хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

01.03.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 26-29 сәуір аралығында дистанциялық форматта Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атты байқауы

17.02.2021

«ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атты байқау жарияланады.

Байқау талаптары:

- 35 жасқа дейінгі ғылыми дәрежесі бар жас ғалымдар, PhD-докторлары;

- 35 жасқа дейінгі ғылыми дәрежесі жоқ жас ғалымдар (магистранттар, докторанттар).

-«ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атанған ғалымдар қайта қатыса алмайды.

Ары қарай оқу >>

ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

22.10.2020

ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» атты тақырыбында Қазақстанның жас ғалымдары арасында (40 жасқа дейін) байқау өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Егер сен қоршаған ортаңда болып жатқан өзгерістерге, ел тағдырына немқұрайлы қарамасаң, өршіл және мәселелерді шешу жөнінде өз пайымың бар болса, онда өз аталған жобалар байқауына өз жұмысыңды жіберіп, Қазақстанның ғылыми дамуына өз үлесіңді қоса алатын жастар қозғалысының бір бөлігі бол!

 Байқаудың міндеті – ғылыми зерттеулерге қатысу үшін Қазақстанның жас ғалымдарын тарту және оларға өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ұсыну.

Ары қарай оқу >>

2020 жылға арналған студенттердің шәкіртақы байқауы

04.08.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік шәкіртақы байқауын  жариялады.

Байқауға қатысуға жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің, сондай-ақ өнер және мәдениет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының арнайы орта білім беру ұйымдарының студенттері шақырылады.

Ары қарай оқу >>