ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

11.04.2023

Көрулер: 1588

2023 жылдың 6-8 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

 «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылуына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының Президенті Арман Қашқынбеков, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар қатысты.

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы аясында ашық есік күндері, көрнекті ғалымдармен, саясаткерлермен кездесулер, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ғылыми пікірталастар, шеберлік сағаттары, көрмелер ұйымдастырылды. Конференция жұмысына 5000-нан астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар белсене қатысты. Университет факультеттерінде жалпы 116 секция жұмыс істеді.

Оның ішінде:

- ҚР басқа ЖОО-нан 500-ден аса қатысушы.

- Алыс шет елден және ТМД елдерінен (Қытай, Түркия, Ресей, Беларусия, Украина, Корея, Өзбекстан) 275 қатысушы.

Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде өтті.

Конференция аясында ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалды.

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

-      жобаның тереңдігі мен пысықталу дәрежесі;

-      ақпаратты құрылымдаудың анықтығы;

-      жобаны ұсынудың жаңашылдылығы мен маңыздылығы;

-      ұсынылған жұмыс бойынша қорытындылардың болуы, толықтығы және т.б.

Конференция қорытындысы бойынша 48 студент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың дипломымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Арманжан Байтасов пен Арман Қашқынбеков қатысып, Байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттады:

-      1 орын (16 жеңімпаз) - 75 000 теңге (әрқайсысына),

-      2 орын (16 жеңімпаз) - 50 000 теңге (әрқайсысына),

-      3 орын (16 жеңімпаз) - 30 000 теңге (әрқайсысына).

 

2023 жылғы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми конференция жеңімпаздары

 

І дәрежелі диплом иегерлері: 

1)   Қасенова Мерей Қуандыққызы – филология факультеті; 

2)   Жанузакова Перизат Меирмановна – философия және саясаттану    факультеті;

3)   Кисметова Айсана Куанышевна – заң факультеті;

4)   Нұрғали Несіпбай Бекболатұлы – тарих факультеті;

5)   Елубаева Альбина Саятқызы – география және табиғатты пайдалану факультеті;

6)   Кожахметова Диана Дарханқызы – биология және биотехнология факультеті;

7)   Урумова Тоғжан Бақытқызы – шығыстану факультеті;

8)   Байсынов Нұрлан Бектасұлы – медицина және денсаулық сақтау факультеті;

9)   Мәлік Сейілбек Ділдәбекұлы – химия және химиялық технология факультеті;

10)  Масато Кубо – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті;

11)  Джиенбеков Насриддин Эркинович – физика-техникалық факультеті;

12)  Абдурасулов Ерасыл Ержанұлы – механика-математика факультеті;

13)  Әуез Әсел Мұхтарханқызы – экономика және бизнес жоғары мектебі;

14)  Онайбай Іңкәр Сергейқызы – халықаралық қатынастар факультеті;

15)  Асан Жанеля Жеңісқызы       – ақпараттық технологиялар факультеті;

16)  Уэн Назархан – журналистика факультеті.

 

ІI дәрежелі диплом иегерлері: 

1)   Бекмухамедов Рахымжан Бекенович – филология факультеті; 

2)   Исаев Алдияр Абзалович – заң факультеті;

3)   Аметова Жанарай Жубанышовна – философия және саясаттану факультеті;

4)   Абдрахманова Қымбат Айболқызы – тарих факультеті;

5)   Жаханова Салтанат Батырәліқызы – география және табиғатты пайдалану факультеті;

6)   Кауысбеков Алмас Жомартович – биология және биотехнология факультеті;

7)   Сеитов Руслан Маратович – шығыстану факультеті;

8)   Базарбаева Мәншүк Жақсылыққызы – медицина және денсаулық сақтау факультеті;

9)   Забара Назар Арманович – химия және химиялық технология факультеті;

10)  Хайрол Ахгүл – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті;

11)  Каппарова Айнұр Аралбайқызы – физика-техникалық факультеті;

12)  Айтхожа Жансая Серікқызы – механика-математика факультеті;

13)  Көшетаев Диас Сансызбайұлы – экономика жәнe бизнес жоғары мектебі;

14)  Рзағазиева Ақгүл Кенжеқызы – ақпараттық технологиялар факультеті;

15)  Даулетқали Айдар Жанатұлы – халықаралық қатынастар факультеті;

16)  Нүкен Диляра – журналистика факультеті.

 

ІII дәрежелі диплом иегерлері: 

1)   Дуз-Оглы Гульнар Руслановна – филология факультеті; 

2)   Бақыт Сара Буркитбекқызы – заң факультеті;

3)   Нутфуллина Алсу Радифовна – философия және саясаттану факультеті;

4)   Аманжолова Айнаш – тарих факультеті;

5)   Муканова Бэлла Алмасовна – география және табиғатты пайдалану факультеті;

6)   Садыков Адай Нурланович – биология және биотехнология факультеті;

7)   Қалиева Гүлден Бауржанқызы – шығыстану факультеті;

8)   Карбаева Радана Олеговна – медицина және денсаулық сақтау факультеті;

9)   Тәжіқұл Шырын Әшімханқызы– химия және химиялық технология факультеті;

10)  Dina Bahlanbek – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті;

11)  Беркимбаев Даулет Жаркинбекұлы – физика-техникалық факультеті;

12)  Нұрбекұлы Дастан – механика-математика факультеті;

13)  Уәли Мирас Жарасұлы – экономика және бизнес жоғары мектебі;

14)  Кубайдуллин Жарас Жеңісұлы – ақпараттық технологиялар факультеті;

15)  Мухамедиева Адель – журналистика факультеті;

16)  Мұрат Айдана Үлесқызы – халықаралық қатынастар факультеті.

 

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ