Ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтары мен стипендиялар конкурстары туралы хабарландыру
28.08.2019Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды:
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.