Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Тілдер мерекесі

23.09.2019

Шығыстану факультеті «Тiлдер мерекесі» аясында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылына дайындық

20.09.2019

Шығыстану факультетінде 16.09.2019ж. күні «Силлабус бойынша пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды университетіміздің әдістемелік жұмыс қызметінің жетекшісі Жақыпова Гүлнәзия ханымның өзі жүргізді. 
Семинарға факультетіміздің барлық оқытушы мен профессор құрамы толық қатысты. Семинарда оқытушылар әдіскер мамандардан тәлім алып, өз біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылындағы пәндер бойынша дайындалатын силлабустар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау барысында бетпе-бет келетін қиындықтар бойынша жан-жақты пікірталастар негізінде талқылаулар болды.
 
 

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Цукуба Университеті арасындағы «Campus-in-Campus» (CiC) меморандумына қол қойылды

20.09.2019

2019 жылы 19 қыркүйекте Цукуба Университеті (Жапония) мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан) арасында «Campus-in-Campus» Меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттік достық

18.09.2019

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі" атты студент мәртебесіне ие болу іс-шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетіндегі көшбасшылық дәріс

16.09.2019

Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні №2 оқу залында университетімізге жаңадан қадам басқан 1-курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге факультеттің кафедра меңгерушілері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер қатысты. Өзінің алғашқы сөзінде факультет деканы Ықтияр Палтөре студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, 1-курс студенттерін факультеттің кафедра меңгерушілерімен, куратор-эдвайзерлерімен, шетелдік профессорлармен сондай-ақ №14 студенттер жатақханасының жетекшісімен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Қазақ Ұлттық университеті делагаты ҚХР Ланжоу унивеситетінің құрылғандығына 110 жыл толуына орай өткізілген халықаралық мерей тойға қатысып келді

16.09.2019

 

Қыркүйек айының 16 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті , қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанынан құрылған Конфуций институтының директоры Асылбеков Рахымжан бастаған Қазақ Ұлттық университеті делагаты ҚХР Ланжу унивеситетінің құрылғандығына 110 жыл толуына орай өткізілген халықаралық мерей тойға қатысып, ҚазҰУ басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер атынан құттықтап,мерей тойдың мерейін асырып, көркін қыздырып қайтты.

 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық Жапон Қорындағы кәсіби дайындық курсы

09.09.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімі оқытушысы Ерлан Абдиұлы Ахапов халықаралық Жапон Қоры Жапон Тілі Институтының шақыруымен XXI ғасыр дағдылары атты үш апталық кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған арнайы тренингтен өту мүмкіндігін алды.

Ары қарай оқу >>

Парсы тілі курсы

20.08.2019

20-ші тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирантану бөлімі мен Саади қоры (ИИР) және ИИР-дың ҚР-дағы Елшілігі Мәдени өкілдігінің (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) ұйымдастырумен  Қазақстандағы парсы тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын бастады. 

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының профессоры Н.А. Алдабек Кореяда өткен конференцияға қатысты

22.06.2019

16-22 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетін қытайтану кафедрасының профессоры Н.Ә. Алдабек Кореяның Ғылым академиясында (Оңтүстік Корея) өткен конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>