Қытайтану кафедрасының профессоры Н.А. Алдабек Кореяда өткен конференцияға қатысты

22.06.2019

Көрулер: 1939

16-22 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетін қытайтану кафедрасының профессоры Н.Ә. Алдабек Кореяның Ғылым академиясында (Оңтүстік Корея) өткен конференцияға қатысты. Профессор Алдабек Н.Ә. «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептері үшін «Әлем тарихы» оқу құралындағы Корей тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Конференция барысында әлемдік мультимедиялық білім беру кеңістігіне бағытталған Қазақстан Республикасында орта және жоғары білім берудің жаңа жүйесін құру мәселелері талқыланды. Баяндама орыс және корей тілдерінде жарияланды.

Конференция қорытындысында екі жақ болашақтағы ынтымақтастықтың маңыздылығын және оқу материалдары мен бағдарламаларының сапасын бірлесіп жетілдіру қажеттігін атап өтті.