Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ QS WORLD WIDE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНДА

01.10.2019

ҚазҰУ-да «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» QS World Wide халықаралық форумы басталды. Конференцияға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Финляндия, Канада, Дания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстаннан келген 130-дан астам ғалымдар мен жетекші сарапшылар мен жобалау институттары мен басқа да ұйымдар қатысты.

   «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты World Wide халықаралық форумына Анкара университетінен келген докторы, профессор Сибел Сүзен және PhD докторы Ертан Гөкмен қатысты. Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының студенттері халықаралық форумның негізгі бағыттары ретінде тіл мен әдебиетті зерттеу, тілді оқытудың жаңашыл әдістемесі, медиадискурс және тіл мәдениеті мәселелері мен ойларын бөлісіп ғылыми-тәжірибелік негіздерін cұрап, студенттер саласындағы ғылыми ізденістерін ортаға салып сұхбаттасып қайтты. Ғалымдар студенттердің көкейкесті сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Форум ұйымдастырушылары келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Ары қарай оқу >>

Қытай Халық Республикасының құрылғанының 70 жылдығын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Конфуций институтының құрылғанының 10 жылдығын атап өту мәдени іс-шарасы жайлы

28.09.2019

2019 жылы 28 қыркүйекте, сағат 15:00-де «Қытай Халық Республикасының құрылғанының 70 жылдығын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Конфуций институтының құрылғанының 10 жылдығын атап өту мәдени іс-шарасы» атты мерекелік кешті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының құрамы мен студенттері белсенділігін танытты.  

Ары қарай оқу >>

"МЕН ПОЛИГЛОТПЫН!" АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН

27.09.2019

2019 жылдың 13-ші қыркүйекте сағат 12.00 №546-шы аудиторияда Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының оқытушылары тарапынан жыл сайын өтетін «Тіл мерекесіне» орай -курс арасында "Мен ПОЛИГЛОТПЫН!" атты интеллектуалдық ойын 1 өтті.

Ары қарай оқу >>

«ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАН-ДҮНИЕСІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

27.09.2019

Тілдер мерекесі жыл сайын Қазақстанда дүбірлеп аталып келе жатқанына да біраз жылдар болды. Шығыстану факультетінде Түрксой кафедрасында: «Құтты білік» ғылыми-интеллектуалдық клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың жан-дүниесі» атты дөңгелек үстел өтті. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауын студенттерге жете түсіндіру, Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылау, және мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. түркі тілдерін оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Ары қарай оқу >>

ХАДЖЕТТЕПЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ НУРЕТТИН ДЕМИРДІҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

26.09.2019

10.09.2019 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің Түрксой бөлімінде "Эразмус+" бағдарламасы аясында келген Хаджеттепе университетінің(Анкара, Түркия Республикасы) профессоры Нүреттин Демирдің "Ғылыми жұмыстарды жазу барысындағы әдіс-тәсілдер мен ережелер" атты семинары өтті. Семинарға Түрксой бөлімінің магистрант және докторант студенттері қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеулер жасау мен ғылыми жұмыстарды жазуға бағытталған заманауи интерактивті оқыту әдіс-тәсілдеріне қатысты теориялар мен әдіс-тәсілдер, осы саладағы алдыңғы тәжірибелері бар мамандардың практикалық сабақтарымен олардың жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда түркітану ғылымы саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар студенттермен талқыланды. Нүреттин Демир мырза өзінің жазған ғылыми жұмыстарын негізге ала отырып, студенттермен өз жинаған тәжірибесімен бөлісті. Айрықша, ғылыми жұмыс жазу барысында туындайтын мәселелер, алға қойылатын мақсат пен міндеттер, зерттеу алаңын дұрыс таңдау тәсілдеріне тоқталып өтті.  Семинар соңында бөлім ұжымы түркиялық профессормен болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарында ынтымақтастық орнату ниетін білдіріп, естелік суреттерге түсті.

Ары қарай оқу >>

Үнді-урду бөлімі “Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры, болашақтың кепілі” атты мерекесін өткізді

25.09.2019

2019 жылдың 29 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедарсы Үндітану бөлімі студенттері мен оқытушылары арасында «Тіл тәуелсіздіктің – тұғыры, болашақтың кепілі» атты пікірталас үстелі өтті. Бұл іс-шара 22 қыркүйек тілдер мерекесі қарсаңына байланысты аталып өтілді. Іс-шараны тамашалауға Шығыстану факультеті деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е.Канафьева қатысты. Шара барасында студенттер қазіргі таңда қоғамда болып жатқан бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салып, оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. Көтерілген тақырыптар арасында студенттердің 3 тұғырлы тіл саясатына деген көзқарасы, «Қазақстан – 2050 стратегиясы», қазақ жеріндегі орыс тілді тұрғындардың қазақ тілінде сөйлеуіне кедергілер, мемлекеттік тілдің қоғамдағы дәрежесі мен қолданылуы, кириллицадан латын алфавитіне көшу секілді қазіргі таңдағы көптеген өзекті мәселелер болды. Студенттер өз кезектерінде қоғамда ана тілінің дәрежесін, қолдану аясын кеңейту үшін өздері керек деп тапқан идеяларымен бөлісті. Іс-шара пікірталас үстелінен кейін мерекелік шағын концертке жалғасты. 1 және 2 курс студенттері хинди тілінде және қазақ тілдерінде өлең жолдарын оқып, қазақтың киелі қара домбырасын шертіп, әуезді хинди тілінде әндер шырқалды. Осы сынды іс-шаралар студенттердің қазіргі қоғам мәселелеріне деген көзқарастарын қалыптастыруда, оларды шешу жолындағы ұтқырлықтарын шыңдауда және ана тілімізге деген махаббаттарын оятуға үлкен септігін тигізеді.

Ары қарай оқу >>

Университеттердің жаһандық саммитінің ирандық қонақтары шығыстану факультетінде болды

24.09.2019

Саммит жұмысына Гилян университетінің ректоры доктор Ахмад Рази, Аламе Табатабаи университетінің ректоры доктор Хосейн Салими мырзалар қатысты. Мәртебелі қонақтар саммит жұмысы аясында ирантанушы мамандар дайындап отырған шығыстану факультетінде қонақта болды. 

Ары қарай оқу >>

Дели университетінің профессоры D.А.P. Sharma мырзамен кездесу

24.09.2019

2019 жылы 23 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Махатма Ганди атындағы орталықта Дели Университетінің құрметті профессоры, хинди тілі оқытушысы D.A.P.Sharma мырзамен кездесу өтті. Профессор D.A.P.Sharma QS World Wide халықаралық форумының, Sun Бас Ассамблеясының арнайы шақырылған қадірлі қонағы. Құрметті қонақпен кездесуге Шығыстану факультетінің деканы Ы.М.Палтөре, Үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттер қауымы қатысты. Профессор D.A.P.Sharma әл-Фараби атындағы ҚазҰУде тарихы терең хинди тілінің оқытылатынын естігенде үлкен таңданыста болып, тезірек өз көзімен көргенінше асыққанын жасырмады. Сонымен қатар, D.A.P.Sharma бөлім оқытушыларының білімділігі мен біліктілігін де сөзге тиек етті. А.П.Шарма оқытушы ретінде Үндітану бөлімінің студенттерімен жеке танысып, жаңа оқу жылында хинди тілін оқып-меңгеруде сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өзінің ұстаздық өміріндегі қызықтарымен бөлісіп, студенттерге үлкен шабыт сыйлады. Студенттер өз кезектерінде хинди тілінде өлең жолдарын оқып, әсем ән орындап кездесудің ажарын ашып, қонақтың қошеметіне ие болды. Факультет деканы Ы.М.Палтөре өз сөзінің ретінде D.A.P.Sharma мырзаның келгеніне алғыс білдіріп, мұндай кездесулердің оқу-мәдени тұсымен қатар саясат тұсынан да маңыздылығын атап айтты. Қазақстан мен Үндістан арасындағы көп жылдарға созылған достық қатынастардың ары қарай да кіршіксіз жалғанатынына сенім білдірді. Кездесуге қатысқан студенттер де осы сынды кездесулердің жаңа тілді оқып білуде өте көп мотивация беретінін жеткізді.

Ары қарай оқу >>