Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл – іскери тіл» байқауы өтті

23.09.2011

ҚазҰУ Департаменттеріндегі мемлекеттік тілді жетік білетін мамандардан құрылған топтар арасында «Мемлекеттік тіл – іскери тіл» байқауы өтті.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті, Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі 2011 жылғы 23 қыркүйекте университет Департаменттерінде жұмыс істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік тіл – іскери тіл» атты байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты университет қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, мамандардың қазақ тілінде іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесіне талдау жасау, сараптама жүргізу және оның сапасын арттыру, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарды жан-жақты көтермелеу.

Ары қарай оқу >>

Шығыс тілінің білгірі

23.09.2011

22 қыркүйек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырған Тілдер фестивалі аясында тұңғыш рет «Шығыс тілінің білгірі: Қытай классик ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқудан» сайыс өткізді.

Сайысқа қонақ әрі қазылар алқасы ретінде Конфуций институты директоры Р Асылбеков, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университеті Шығыс тілдер кафедрасының ұстазы Тао Цзиньсуң, Конфуций институты қызметкерлері Қалиасқарқызы Сара және Задаханұлы Шалқар және кафедра аға оқытушысы Абдурақын Нұрхалық қатысып, сайыскерлер өнерін бағалады.

Ары қарай оқу >>

Корейтану және Жапонтану кафедрасында халықаралық семинар өтті

22.09.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің корейтану және жапонтану кафедрасы мен Жапонияның Васседа Университетінің қатысуымен «Жапониядағы жер сілкінісі және әлемдік энергетикалық саясаттың өзгеруі» деген тақырыпта семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Global Classroom жобасы аясындағы университетаралық сессия

22.09.2011

22-қыркүйек, сағат 18:00, химия және химиялық технологиялар факультетінің ғимараты, 221-дәрісханада «Жаңа мыңжылдықта даму мақсаттары» деп аталатын сессия өтеді. Сіздерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Global Classroom жобасы, сонымен қатар Колумбия универститеті Жер институтымен (Нью-Йорк, АҚШ) бірге ұйымдастырылған Бирла технология басқару институты Мададгаскар білім дамыту орталығының қатысуымен жүзеге асатын «IASDP Интер-Университет» сессиясына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

“Tarzhiman club” және “iClub.pd”: аударма өнері жасай берсін!!!

22.09.2011

20 қыркүйекте филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Тілдер фестивалі аясында “Tarzhiman club” және “iClub.pd” клбутарының салтанатты мәжілісі өтті.

Доцент Л.Мұсалының жетекшілігімен 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Tarzhiman Club” және доцент А.Тусупованың басшылығымен 2010 жылы құрылған “iClub.pd” ұйымдарының мүшелері көркем аударма әлеміне саяхат жасады.

Қатысушылар саны көп болды, себебі әр студент бұл салтанаттың бір бөлігі болғысы келді. Олар осы мерекелік шараның жүргізілуіне үлкен жауапкершілікпен, орасан зор жігерлікпен қарады. Әр топ тілдер мейрамына мұқият дайындалды.

Ары қарай оқу >>

Қазақша сөйлесейік!

22.09.2011

Бүгін Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі. Ел достастығын, бұқара бірлігін нығайта түсетін айтулы мейрам әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ерекше сипат алды. Бұл күні жұмыс уақыты да мемлекеттік тілге деген үлкен құрметтен, ана тіліне деген аса сүйіспеншілікпен басталды.

Университеттің әкімшілік және оқу ғимараттарында қызметкерлер мен студенттерді ұлттық киім үлгісіндегі жастар қарсы алды. Олар ғимаратқа енген әр адамнан қазақ тілінде амандасуын, ана тілінде мақал-мәтел, қанатты сөз айтуын талап етті. Өз кезегінде басшылықтан бастап, студентке дейін қазақ тілінде сөз саптап, тілдер мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілдің мерейін асырып жатты. «Қазақша сөйлесейік!» акциясының ұйымдастырушылары тарапынан бауырсақ таңғы асқа ұсынылды. Сәлемін ана тілінде бастаған жұмыс күні де сәтті болды, мерекелік көңіл күй кернеді.

Ары қарай оқу >>

«Жас лингвистер» клубының тұсауы кесілді

21.09.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап университет көлемінде әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Сол іс-шаралардың ең ауқымдысы ретінде Қазақстан тілдері мерекесіне орай тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті ұйымдастырып отырған «Тілдер» фестивалінің апталығын айтуға болады. Осы апталық аясында 21 қыркүйек күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде аталмыш факультеттің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы жанынан ашылған «Жас лингвистер» клубының тұсаукесер рәсімі өтті.

Факультет деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы және университетіміздің құрметті қонағы, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының шақыруымен факультетімізге дәріс оқуға келген Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Крейдлин Григорий Ефимович клуб лентасын қиып, болашақ жас лингвистерге ізгі тілектерін жолдады. Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аса қадірлі профессоры, танымал лингвист ғалым Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы студенттерге лингвистика ғылымының қыр-сыры жайлы өз ойымен бөлісті. Кафедра меңгерушісі Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы клубтың шығу тарихы жайлы баяндап, болашақ жоспарларымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Абай өлеңдерін шығыс, батыс, славян тілдерінде оқыды

21.09.2011

22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тілдер» фестивалінің апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

«Тілдер аптасы» фестивалінің аясында шет тілінде «Абай оқулары» өтіп, студенттер шығыс, батыс және славян тілдерінде Хакім өлеңдерін жатқа оқыды.

Ары қарай оқу >>

"ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ"

21.09.2011

2011 жылдың қыркүйек айының 19, 21 жұлдыздарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде «Тілге құрмет – елге құрмет» деген атпен «Тілдер фестивалі» өткізілді. Биылғы жылғы мерекенің жыл сайынғы дәстүрлі тілдер мерекесіне орай өткізілетін шарадан өзгешелігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналуы. «Тәуелсіз Қазақстан: келісімнің, жасампаздықтың және бейбітшіліктің 20 жылы» ұранымен өткізіліп жатқан әрбір іс-шара тәуелсіз отанымыздың гүлденуіне арналары ақиқат.

Мәдени іс-шара бағдарламасы екі күнді қамтыды. «Тілдер фестиваліне» 1,2,3,4-курс студенттері қатысты. 19 қыркүйек күні мерекеге қатысуға талап білдірген студенттер өте көп болды. Осы фестивалді ұйымдастырып отырған дипломатиялық аударма кафедрасынан дәріс алатын студенттер неміс, ағылшын, қытай, араб, жапон, түрік тілдерінде өз білім деңгейлерін көрсетте білді. Кешті студенттер Мұсаева Дина мен Юрченко Александра Қазақстан Республикасының Ұлттық тілі – қазақ тілінде, Мавлоназарова Малохат ағылшын тілінде жүргізді. I кезеңде студенттер жалпы өзін таныстырудан бастап, өзі таңдаған тілде мәтін, өлең оқу, құттықтау сөз, ән айтудан сайысқа түсті. Осы сайыс нәтижесінде қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан студенттерді II кезеңге өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік және тіл» атты әдеби шығармашылық кеш өтті

21.09.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік және тіл» атты әдеби шығармашылық кеш өтті.

Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен 20 қыркүйекте өткен әдеби шығармашылық кеш барысында 1 курс студенттерінің арасында сайыс өтті.

Әдеби кештің байқауына қатысқан өлеңдер 2011 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында қабылданды. Іріктеу туры 16-18 қыркүйек аралығында туындылар тілдік-көркемдік және тәрбиелік-танымдық мазмұны бойынша таңдалып алынды. 20 қыркүйекте іріктеу турынан өткен студенттердің қатысуымен ақтық сайыс өтті;

Үздік деп танылған шығармалар «Қазақ университеті» газетінде жарияланып, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Ары қарай оқу >>