Абай өлеңдерін шығыс, батыс, славян тілдерінде оқыды

21.09.2011

Көрулер: 1836

22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тілдер» фестивалінің апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

«Тілдер аптасы» фестивалінің аясында шет тілінде «Абай оқулары» өтіп, студенттер шығыс, батыс және славян тілдерінде Хакім өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен бірге, гуманитарлық факультеттерге арналған Ағылшын клубының тұсауын кесілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі