Корейтану және Жапонтану кафедрасында халықаралық семинар өтті

22.09.2011

Көрулер: 2719

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің корейтану және жапонтану кафедрасы мен Жапонияның Васседа Университетінің қатысуымен «Жапониядағы жер сілкінісі және әлемдік энергетикалық саясаттың өзгеруі» деген тақырыпта семинар өтті.

Семинарға оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар, екі университеттің студенттері қатысты. Профессор Атсуши Огихараның бастамасымен келген жапон делегациясы Жапонияда орын алған жер сілкінісінің ауыр зардаптарын көрсеткен документальдық фильмде семинарға қатысушылар назарын бей-жай қалдырмады. Семинарда қарастырылған сұрақтар: Фукусима ядролық реактор жағдайы, әлемдік энергетика мен Жапониядағы энергетикалық секторға жер сілкінісінің әсері, Қазақстандағы энергетикалық саясат, әлемдік жетекші елдердің халықаралық кездесуіндегі өзекті мәселесі ─ энергетикалық қауіпсіздік. Семинар жолдастық және шығармашылық деңгейде өтті. Семинардан соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде Васседамен ҚазҰУ студенттері арасында спорттың бір түрі бейсболдың «Teeball» спорт ойыны ойналды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі