Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың магистранттарын шет ел ЖОО-да оқыту

28.09.2011

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттарына 2011-2012 оқу жылдарының күзгі семестріне шетел ЖОО-ның (Қытай, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Корея мен Ресей және т.б.) біріне оқуға мүмкіндіктер беруде.

Ары қарай оқу >>

26 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «РЕКТОР КУБОГЫ» жүлдесіне жарыстар өткізіледі

27.09.2011

26 қыркүйек пен 5 қазан аралығында университеттің спорт залдарында бірінші курс студенттері арасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «РЕКТОР КУБОГЫ» жүлдесіне жарыстар өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Биология және биотехнология факультетінің 1-ші курс студенті Эльхан Асадов Әлем Чемпионатында 1-ші орын иеленді

27.09.2011

2011 жылдың 23-25 тамыз айында Венгрияның Санботелли қаласында кадеттер арасында еркін күрестен Әлем Чемпионаты болып өтті. Биология және биотехнология факультетінің 1-ші курс студенті Асадов Эльхан 76 кг салмақ дәрежесінде 1- ші орынды иеленді (жаттықтырушы – Ушанов А.А.).

Ары қарай оқу >>

Биология және биотехнология факультетінің 1-курс студенті Елдос Сметов 2012 жылы Лондонда (Англия) өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысуға лизцензия ұтып алды

27.09.2011

2011 жылдың 16-18 қыркүйекгінде Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен Әлем Кубогының кезеңді жарыстары өткізілді. Аталған жарыс лицензиялық болып табылады. Осы жарыста биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті Елдос Сметов 60 кг салмақ санатында 1-ші орынды иеленді.

Бұл жеңісімен Елдос 2012 жылы Лондонда (Англия) өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін ұпай жинап, қатысуға мүмкіндік беретін лицензия ұтып алды. Елдостың жаттықтырушысы ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Якуба Виктор Иванович.

Ары қарай оқу >>

«Студенттер еркін кәсіпкерлікте» SIFE студенттік ұйым Президентінің сайлауы.

27.09.2011

SIFE студенттері топтық жұмыстың дағдыларын меңгереді, көшбасшылық және коммуникациялық сапаларды дамытады, жоба менеджер ролінде шыққанда ұйымдастыру тәжірибесін алады. Осы бағдарламада қатысу оларға университет бағдарламасына кірмейтін бірегей практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. SIFE бағдарламаға қатысқан уақытта алынған тәжірибе студенттерге өз кәсәпкерлік қызметін жасауға, сонымен қатар әр түрлі компанияларда мансабын құруға көмектеседі.

Ары қарай оқу >>

15-ші Казақстан Республикасы Чемпионаты финалында ҚазҰУ спорт клубының командасы жүлделі орын иеленді

27.09.2011

ҚазҰУ спорт клубының жағажай волейболы командасының құрамы 2011 жылдың 16-18 қыркүйекте Алматы қаласында өткен 15-ші Казақстан Республикасы Чемпионаты финалында 16 команда арасынан 3-ші орынды иеленді. Құрама команда жаттықтырушы волейболдан спорт шебері, дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Юдаков Николай Владимирович.

15-ші Казақстан Республикасы Чемпионаты финалында жүлделі орынмен оралған спортшыларымыз волейболдан спорт шеберлігіне үміткер, ҚР VI жаздық Универсиадасы Чемпионы Сергей Богату және волейболдан спорт шеберлігіне үміткер, ҚР VI жаздық Универсиадасы Чемпионы Владислав Пустынников.

Ары қарай оқу >>

Жылдамдатылған өнеркәсіптік-инновациялық дамуға арналған мамандар

26.09.2011

Жылдамдатылған өнеркәсіптік-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 100 мың маманды оқыту қажет. Қамтамасыз ету жұмысы білім беру ұйымдарында қайта даярлау және квалификацияны жоғарылату арқылы жасалынады. Осы мәселелер «Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтамақтастыққа 20 жыл» атты форумда талқыланды. Сонымен қатар, «Түлектердің құзыретіне деген жұмыс берушілердің талаптары» жайындағы сауалнама нәтижелері ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының перспективалық бағыттары талқыланды

26.09.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 211 аудиториясында Қазақстандық даму үлгісінің философиялық–мәдениеттанымдық парадигмасы (қазақ елі – жерұйық) жобасының аясында «Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының перспективалық бағыттары» тақырыбында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен өзектілігі жаңа әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси жағдайдағы Қазақстанның шындығы мен даму перспективасын талқылау мен мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген қоғамдық және мемлекеттік тұрғыдан жаңару процесінің өзіндік стратегиясы мен тактикасын анықтауға байланысты туындады.

Ары қарай оқу >>

Заң саласын жетілдіру жағы қаралды

23.09.2011

23 қыркүйекте Holiday Inn Almaty Hotel ғимаратында «Қазақстанның жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамуы мен әлемдік кеңістікте интеграциялық үрдістерді белсендендіру жағдайында заң шығармашылық процесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық институты мен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына және 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру міндеттерін атқаруға орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ахмет Ташағыл студенттерге дәріс оқыды

23.09.2011

Философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедраcы ұжымының ұйымдастырумен философия ғылымдарының докторы, Мимар Синан атындағы көркем өнер және мәдениет университетінің ғылыми істер жөніндегі вице-президенті, Ежелгі түркілердің дүниетанымы, тарихы және мәдениеті саласын зерттеп жүрген ғалым, профессор Ахмет Тағашыл студенттерге дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>