Жаңалықтар

Кафедралардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы бойынша семинар өткізіледі

14.09.2011

2011 жылғы 14 қыркүйек сағат 15.00-де Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Руханият» жастар орталығында факультеттердің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына кафедралардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы бойынша семинар өткізіледі.

Тіркеу сағат 14.40

Ары қарай оқу >>

Шетелдік профессордың шолу дәрістері

13.09.2011

2011 жылдың 12-22 қыркүйек аралығында сағат 14.10-19.55-те әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде PhD дайындау бағдарламасын жүзеге асыру аясында шолу лекциялары өтіп жатыр.

Дәрістің басты лекторы Негевадағы (Израиль) Бен – Гурион атындағы денсаулық сақтау және медицина факультетінің клиникалық биохимия кафедрасының профессор Даниленко Михаил Петрович.

Ары қарай оқу >>

Ержан Тәтішев атындағы фонд жыл сайынғы білім гранттарын тапсырды

12.09.2011

Ержан Тәтішев атындағы фонд студенттерге жыл сайынғы білім гранттарын тапсырды. Жеңімпаздар ішінде шығыстану факультетінің студенті Тұрсынай Аубакирова бар. Тұрсынай мансап және бизнес орталығында шетелдік студенттерге бағытталған жобаны басқаратын болады.

Ары қарай оқу >>

"Анаркадия" киносының көрстілімі болады

12.09.2011

14 қыркүйек күні 16:00-де, лигвистика Орталығы конференц-хол (халықаралық ынтымақтастық орталығының ғимараты, халықаралық қатынастар факультетінің жанында) британдық суретші және режиссер Рут Макленанның Қазақстан туралы «Анаркадия» атты фильмінің көрсетілімі болады. Сонымен қатар фильм соңынан талқылауға баршаңызды қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Мәдениет вице-министрі болашақ мәдениеттанушыларға дәріс оқыды

12.09.2011

Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі, философия ғылымдарының докторы, Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының көшбасшылық дәрісі өтті.

Лектор Мәдениет министрлігі қызметінің 3 бағытының бірі мәдени саясат мәселесіне тоқталып, аудитория тыңдаушыларын еліміздің мәдени жағдайымен таныстырып өтті. Олар Мәдениет министрлігі қызметінің көптеген жетістіктері, мәдениет саласындағы көптеген жаңалықтар туралы ақпарат алды. Министрлік қызметінің басты жұмыстарының бірі 41 республикалық және 8000 облыстық-мәдени ұйым қызметтерін үйлестіру, дамыту болып табылады. Бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып табылатын Батыс кино туындыларының ел ұрпағына тигізетін әсеріне байланысты «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер енгізілгендігін атады. ҚР Мәдениет вице-министрі Қазақстанның кино, театр индустриясындағы көптеген жетістіктерге байланысты сандық көрсеткіштерін келтірді: 2010 жылы 78 фильм жобасы басталса (бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 70 %-ға артық), театр саласында 2010 жылда 39 әртүрлі деңгейдегі 39 жаңа қойылым жүзеге асқан. Оның ең ірісі дүниежүзілік атақты режисер Борис Эйфманның «Красный Жизель» атты балетінің қойылуы болып табылады, бұл ҚР мәдениет және өнер тарихында үлкен шың болды. Еліміздің мәдениетін шетел мәдениетімен сабақтастыру нәтижесінде мәдени деңгей халықаралық деңгейге жақындауда.

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың ренессанс ғасыры» тақырыбында лидерлік лекция өтті

12.09.2011

8 қыркүйек күні философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедраcы ұжымының ұйымдастырумен «Қазақтың ренессанс ғасыры (қазіргі заман құндылықтары туралы)» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің лидердік лекциясы өтті. Лекция университеттік лидерлік дәрістер бағдарламасы бойынша жоспарланған.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында өтетін студенттік жобаларды қорғау халықаралық конкурсына қатысады

09.09.2011

ҚазҰУ ректоры, Ғалым Мұтановтың қолдауымен, ҚазҰУ студенттеріне қазан айының 1-14 жұлдызы аралығында Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында өтетін SIFE Халықаралық жарыстарына қатысуға мүмкіндік туып отыр. Осы жобаға әлемнің барлық таңдаулы университеттерінен белсінді студенттер жиналады. Жарыс барысында студенттік жобаларды қорғау, тренингтер, мастер-кластармен әртүрлі мәдениетті іс-шаралар өтеді. Осыған қоса, студенттерге Sunway University College пәндерін оқып, кредиттерді қайта сынақта тапсырады.

Ары қарай оқу >>

Әлемдік рейтингіндегі ҚазҰУ секірісі

08.09.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылады

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздік секіріс жасап, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.

QS рейтингі әлемнің 700 үздік университеті арасында жүргізіледі. Қазақстан ЖОО көшбасшысы ҚазҰУ бірінші рет бұл рейтинг жүйесіне 2009 жылы қатысып, 601-650 шептен орын алған болатын. Осы орайда, білім және ғылым саласы бойынша Қазақстан тәуелсіз агенттігі жүргізген жоғары оқу орындары арасындағы бас рейтингіде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміз бойынша бірінші орында екендігін айта кеткен жөн.

«Классикалық университеттен зерттеу университетіне айналу жолында университет ұжымының бірнеше ай бойы атқарған тынымсыз еңбегіөзінің алғашқы нәтижесін көрсетті», - дейді ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев. Бүгінде жаңашылдық университеттің барлық құрылымына тың серпін берген. Факультеттер кластерлік негізде қайта жасақталып, кафедралар іріленді, тиімді менеджмент, әр қызметкер еңбегінің рейтингтік жүйемен бағалануы, инновациялық инфрақұрылымдардың заманауи тұрғыдан жетілуі, әлеуметтік серіктестік, корпоративті мәдениеттің дамуы және тағы да басқа атқарылған іс-шаралар білім ордасының жаңғыру, жаңару үлгісін құрады.

Ары қарай оқу >>

«Орталық Азия және Ауғанстан: аймақтық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.09.2011

2011 жылдың 6-қыркүйегінде халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азия және Ауғанстан: аймақтық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараның ұйымдастырушысы НАТО жөніндегі Ресурстық және ақпараттық орталық болып табылады.

Дөңгелек үстелге Дж. Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу жөніндегі еуропалық орталықтың және АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс университетінің сарапшылары, атап айтқанда, профессор Грегори Глиссон, профессор Али Джалили, майор Стефан Шоенборн, полковник Томас Вильгельм, генерал Джон Репперт, сонымен қатар халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылар құрамы қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жыл сайынғы сегізінші Жаздық мектеп өтті

07.09.2011

2011 жылдың 14-24 тамызы аралығында Американдық демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы мен НАТО туралы Ресурстық орталығы АҚШ елшілігі және НАТО-ның жария дипломатиялық Департаментінің қолдауымен «НАТО, АҚШ және Орталық Азия елдері» атты тақырыптағы жыл сайынғы сегізінші Жаздық мектепті өткізді.

Жаздық мектептің жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстаннан барлығы 35 студент, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Ары қарай оқу >>