Global Classroom жобасы аясындағы университетаралық сессия

22.09.2011

Көрулер: 2783

22-қыркүйек, сағат 18:00, химия және химиялық технологиялар факультетінің ғимараты, 221-дәрісханада «Жаңа мыңжылдықта даму мақсаттары» деп аталатын сессия өтеді. Сіздерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Global Classroom жобасы, сонымен қатар Колумбия универститеті Жер институтымен (Нью-Йорк, АҚШ) бірге ұйымдастырылған Бирла технология басқару институты Мададгаскар білім дамыту орталығының қатысуымен жүзеге асатын «IASDP Интер-Университет» сессиясына қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар: Рафис Абазов - PhD, Колумбия университеті профессоры, Global Classroom жобасы директоры - тұрақты даму тәжірибесінің интеграцияланған жолдары. Ғалия Ибраева - PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Global Classroom жобасы қосымша директоры. Атаулы «Интер-Университет» сессиясына қатысуға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін шақырамыз.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі