Жаңалықтар

Тіл мерекесіне орай жүздесу өтті

20.09.2011

Философия және саясаттану факультетінде тіл мерекесіне орай арнайы "МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловпен кездесу өтті. Кездесуді дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдыстырып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Business Climate 2011» тақырыбында он-лайн семинар

20.09.2011

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Business Climate 2011 конференциясын ұйымдастыру комитетімен (Нью Йорк, АҚШ) бірге 20 қыркүйекте сағат 18:30-да «Business Climate 2011» тақырыбында он-лайн режимінде жүргізілетін семинарға қатысуға шақырады.

Дәстүрлі өткізілетін BusinessClimate семинарына ұйымдастыру алқасының мүшесі Андрю МакКеон қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы бойынша Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасының, FP7 семинар-тренингі

20.09.2011

21 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде (201 а бөлмесі, «Қор биржасы») «Қазақстанның, FP7 ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы бойынша Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасының семинар-тренингі жұмысын бастады.

Семинар-тренингті университеттің ғылыми-инновациялық даму жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов ашты.Семинар жұмысына Еуропалық Одақтың Ғылымды және Технологияны (FP7) Дамыту бағдарламасы бойынша Қазақстандағы Ұлттық Үйлестірушісі Камила Мағзиева, ҒЗИ-дің ғылыми жетекші қызметкерлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультет декандарының ғылыми-инновациялық істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарлары және қатысуда.

Іс-шарада «Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасы» жаңа байқауымен таныстыруға арналған. Сонымен бірге шара барысында жобалық ұсыныстар мен халықаралық ғылыми консорциумдар құру қарастырылды. Сондай-ақ, ЕО жаңа ақпараттық порталы бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу айтылды.

Ары қарай оқу >>

Прошел конкурс на лучшее чтение стихов на японском и корейском языках в рамках недели «Фестиваль языков»

20.09.2011

20 сентября 2011 года на кафедре корееведения и японоведения факультета востоковедения КазНУ им. аль-Фараби прошел конкурс на лучшее чтение стихов на японском и корейском языках в рамках недели «Фестиваль языков».

Открытие конкурса началось с выступления заведующей кафедры корееведения и японоведения Л.Т. Балакаевой. Далее все участники и гости мероприятия прослушали занимательную и немаловажную для нашей многонациональной страны лекцию представителя корейской диаспоры, доктора исторических наук, профессора Мен Дмитрия Вольбоновича о роли, положении и изучении языков каждой народности, находящихся не на своей исторической родине.

После, началась кульминация этого мероприятия. Выступили 15 студентов корейского и японского отделения, из которых были выбраны по студенту на каждое 1, 2, 3 место.

Ары қарай оқу >>

Ашық дәрістерге қатысуға шақырамыз

19.09.2011

Баршаңызды Мидлсикс университеті Білім трансферті департаментінің директоры және профессоры Марк Грейдің ашық дәрістеріне қатысуға шақырамыз!

Бұл шараға университет бөлімдерінің басшылары, докторанттар, магистранттар және басқа да төмендегі тақырыптарға қызығушылық танытатын қызметкерлерге қатысуына болады.

Дәрістер 19-21 қыркүйек аралығында төмендегі тақырыптар бойынша жүзеге асады:

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өтеді

17.09.2011

«22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай, 2011 жылдың 19-27 қыркүйегі аралығында университетімізде алғаш рет жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өткізіледі.

Осы мереке аясында университетімізде төмендегі іс-шаралар өткізіледі:

1. «Үштұғырлы тіл; бүгіні мен болашағы» атты пікірталас

2. «Тілге құрмет – елге құрмет» прозалық және «Ана тілім ардағым» поэзиялық шығармалар байқауы

3. «Абай оқулары» шығыс, батыс, славян тілдерінде

Ары қарай оқу >>

Қылмыстық құқық негізін салған ғалымға арналған ғылыми жиын өтті

17.09.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде «Қылмыстылықтың әлемдік және аумақтық тенденциялары және күресу стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл ғылыми басқосу ҚР Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Қайыржановты еске алуға арналды. Конференцияның ресми бөлімінде заң факультетінің деканы Дәулет Лайықұлы сөз алып, Елеген Қайыржановтың заң саласына қалдырған мұраларын, ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Жиынға еліміздің әр өңіріндегі заңгерлер, ғалымдар және университет ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында Елеген Қайыржановтың заң саласына сіңірген еңбектері айтылды. Баяндамашылардың бірі «Қазіргі кезеңдегі қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының дамуы және профессор Е.І. Қайыржановқа сіңірген үлесі» деген зерттеуін талдаса, енді бірі «Е.І. Қайыржанов – қылмыстық құқық негізін салушы» деп дәлелдеп жатты. Конференцияда сонымен қатар, меншікке қарсы қылмыстардың әлемдік деңгейі, бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бұзудың түрлері мен оған ықпал ететін себептерді жою шаралары, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың теориялық мәселелері, отандық қылмыстық құқық теориясындағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының өзекті мәселелері сияқты бірнеше өзекті тақырыптар қозғалды.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра» жобаның алғашқы тыңдаушылары таңдап алынды

16.09.2011

Конкурс нәтижелерi бойынша «Ашық кафедра» жобасының алғашқы тыңдаушылары таңдап алынды. Жоба кеңсесі қатысушылардың 500-ге жуық өтінішін қабылдағанын атап өтуге болады. Барлық қатысушылар тiлдік және кәсіби біліктілігі жағынан жоғары деңгейде екенін көрсеттi. Таңдау барысында курс пен оқу дәрежелері есепке алынып, «Ашық кафедра» жобасы тыңдаушыларының бiрiншi құрамына жоғарғы курстардағы студенттер, магистранттар мен PhD докторанттары кірді.

Ары қарай оқу >>

Кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына арналған семинар өтті

14.09.2011

14 қыркүйек күні Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Руханият» жастар орталығында факультеттердің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына кафедралардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы бойынша семинар өтті.

Ары қарай оқу >>