«Тәуелсіздік және тіл» атты әдеби шығармашылық кеш өтті

21.09.2011

Көрулер: 2441

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік және тіл» атты әдеби шығармашылық кеш өтті.

Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен 20 қыркүйекте өткен әдеби шығармашылық кеш барысында 1 курс студенттерінің арасында сайыс өтті.

Әдеби кештің байқауына қатысқан өлеңдер 2011 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында қабылданды. Іріктеу туры 16-18 қыркүйек аралығында туындылар тілдік-көркемдік және тәрбиелік-танымдық мазмұны бойынша таңдалып алынды. 20 қыркүйекте іріктеу турынан өткен студенттердің қатысуымен ақтық сайыс өтті;

Үздік деп танылған шығармалар «Қазақ университеті» газетінде жарияланып, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Байқау шарттары мен талаптарын ескере отырып тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен әдеби шығармашылық кеште талантты деп таныған жастар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

І орын. Асылан Тілегенов «Тіл және тіл»

Талапов Шерхан «Үмітті өксік»

ІІ орын. Марғұлан Ақан «Жоқ өзіңнен киелі»

Манас Қайыртай «Тіл - тірегім»

ІІІ орын. Есенқұлова Салтанат «Тілге мадақ»

Ықылас Тұрсынбек «Қазақ тіліне қазіргі құрмет»

Еркежан Әскербекова «Лирик ақын»

Нұртас Тұрғанбек «Отансүйгіш ақын»

Өмірбек Сансызбай «Еңбекқор ақын»

Жатақбаев Нұрболат «Тіл жанашыры» деген номинациялар бойынша марапатталды.

Кеш соңында тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұжымы мен кафедра профессорлары және оқытушылары қорытынды ой айтып тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында қандай шыңдарды бағындырып, биік-биік белестерден өткеніміз жайлы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін «тілге құрмет елге құрмет» деген қанатты сөзбен қорытындылады.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы