Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы: жетістіктер мен қауіптер

26.10.2011

22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті «әл-Фараби-Карнеги» ғылым-білімдік бағдарламасының басшылығымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы: жетістіктер мен қауіптер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел халықаралық қатынастар факультетінің негізінде «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Парламентаризм Институтының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды.

«Әл-Фараби-Карнеги» ғылым-білімдік бағдарламасының мақсаты Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің, халықаралық қауымдастықтағы білім және ғылыми мекемелері, саяси институттары, бизнес өкілдері мен үкіметтері арасында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, қарусызданыдыру саясаты, аймақтық сауда және экономика, экология мен энергетика мәселелері бойынша ашық диалогты дамытуға ықпал ету болып табылады.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра» жобасының кезекті дәрісі өтеді

26.10.2011

29 қазан күні сағат 11:10-де «Ашық кафедра» жобаның тыңдаушыларына арналған кезекті дәріс өтеді. Олар: «Introduction to Crisis Management:Theory and Practice» (Erke Zhumadil, OSCE) және «Kazakhstan’s Land Reform Controversy in the Context of Post-Soviet Transition» (Paull Randt, Yale University, Fulbright program).

Ары қарай оқу >>

Спорт түрлері бойынша жарыста бақ сынасты

26.10.2011

Механика кафедрасының ұйымдастыруымен №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жылдам, биік әрі күшті!» деп аталатын спорттық жарыс өтті. Бұл жарыс спорттың алты түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс) студенттер арасында жарыс өтті. Спорттық жарысқа №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы жүзден аса) студенттер, механика кафедрасының эдвайзерлері және жалпы денешынықтыру кафедрасынан А.В.Таранова қатысты. Жарысқа футболдан 8 команда, волейболдан 4 команда, тенниске 20 студент, шахматқа 16 студент, тоғызқұмалаққа 4 студент, арқан тартысқа 4 команда қатысты.

Ары қарай оқу >>

Кореялық университеттер мен ҚазҰУ ынтымақтастығы артып отыр

26.10.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Кореядан келген өкілдермен кездесті. Шетелдік қонақтардың қатарында Коре университеті медицина факультетінің профессоры, Батыс тынық мұхиты аумағы бойынша Медициналық білім Қауымдастығының президенті Дук Сунн Ан, “Jipyung+2 Interantional Co., Ltd” президенті Ёнг Мин ПАК және тағы да басқа профессорлар мен компания президенттері бар.

27-29 қазанда университетте өтетін «Зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» халықаралық форумына орай алдын-ала келген кореялық әріптестер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да екіжақты атқарылып жатқан жобалармен және іс-шаралармен танысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Халықаралық форумға қолдау танытып отырғандарыңызға және елімізге, әлемге өзекті болып отырған зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың инновациялық дамуына қосар үлесін бірге талқылай келгендеріңізге алғыс айтамын. Форум барысында біз тақырып төңірегінде бірнеше өзекті мәселелерді талқылаймыз деп сенемін», - деп атап өткеннен кейін бүгінде Корея университеттері мен ҚазҰУ арасындағы атқарылып жатқан жобаларға тоқталды. «Оңтүстік Корея университетімен бірігіп ҚазҰУ-да медициналық орталық құру, техникалық жинақтау проекторын жасау сияқты жобалар өз жұмысын бастап кетсе, алда Коре университетімен ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асырамыз Мұндай істердің жүзеге асуына біздің мемлекетіміз, министрліктер де өз қолдауларын танытып отыр. Биыл Қазақстанда Оңтүстік Корея жылы болып табылады. Осы уақытта бірнеше екіжақты игі бастамалар жүзеге асады деп сенемін», - дейді академик Ғалым Мұтанов. Ал Коре университеті медицина факультетінің профессоры, Батыс тынық мұхиты аумағы бойынша Медициналық білім Қауымдастығының президенті Дук Сунн Ан: «Университеттеріңізде атқарылып жатқан басымдықтарға қарап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне толықтай дайын деп есептеймін. ҚазҰУ өз алдына биік мақсаттар мен айқын міндеттер қойған үздік университет. Мұндай жоғары оқу орнымен әріптестікті нығайтуға қуаныштымыз. Кореяға әріптестеріміздің жетістіктерін айтып, қаунышпен ораламын», - деген жылы лебізін жеткізді.


Ары қарай оқу >>

Білім беру ісіне байланысты семинар өтеді

25.10.2011

29-қазан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат) бөлім басшылары, декан және кафедра меңгерушілеріне арналған «Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ – QS жүйесінде үш жұлдызды университет

25.10.2011

ҚазҰУ GS Stars мәліметі бойынша, үш жұлдызды университет көрсеткішіне сай келген. Мұндай деңгейге жету үшін жоғары оқу орнының ғылыми зерттеу, жұмысқа орналасу, инфрақұралым, оқыту, халықаралық ынтымақтастық, инновация және әлеуметтік қолдау бағыттары басты сарапқа алынған. Жалпы QS жүйесінде білім ордалары жоғарыдағы талаптарға сай жинаған балдары бойынша бір, екі, үш, төрт және бес жұлдызды университет деп анықталады.

Бірінші проректордың баяндағанындай, QS жүйесінде үш жұлдызды университет атанып отырған ҚазҰУ алда төрт жұлдызды деңгейге жетуге ұмтылу қажет. Бұл орайда Қазақстанның көшбасшы университеті мамандандыру талабын барынша дамыту керек. Себебі сәйкес 1000 балдың 516 ұпайын жинаған білім ордасы жоғарыдағы талаптардан лайықты баға алып, мамандандыру бағыты жағын көтеруге міндеттелген. Бұл бағытты дамыту оқытушы-профессорлар алдындағы үлкен жауапкершілік.

GS Stars анықтамасы бойынша, үш жұлдызды университет дегеніміз елінде жоғары абырой-беделге ие, халықаралық деңгейде белгілі бір дәрежеге көтерілген білім ордасы, сондай-ақ халықаралық деңгейде мойындалған және түлектері жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие деген анықтамаға сай келеді. Бұл ректоратта айтылған үлкен жетістіктердің бірі. Бұдан өзге ректораттың күн тәртібінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Айгүл Ақтымбаеваның Академиялық үрдістің жеті апталық қорытындысы жайындағы ақпары, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік кампусы: тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы» туралы Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымованың ақпары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бас жоспары жөнінде Өндірістік департаментінің директоры Мұрат Нұрғазинның хабарламасы тыңдалды. Сондай-ақ «Қазақстанның балама энергетикасы» ғылыми техникалық орталығы» және «BoardCom» ЖШС-ны құру туралы Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов ректорат мүшелерін таныстырып өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ философиясы - даналық философиясы

24.10.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде дәстүрге айналып келе жатқан кезекті лидерлік дәріс өтті. Дәріс оқуға кезінде факультетіміздің деканы, оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының директоры, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры болған, белгілі философ, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Университетте студенттер қалашығының ластануына қарсы «ЭКОспецназ» атты жоба іске қосылмақ

22.10.2011

22 қазан 15.00-де алғаш рет университетімізде энергоэкология кафедрасына қарасты ҚазҰУ қалашығы аумағының ластануына қарсы «ЭКОспецназ» атты жоба іске қосылмақ! Бұл жобаның іске асырылуы нәтижесінде ҚТҚ(қатты тұрмыстық қалдықтар) келесідей компоненттерге бөлінеді: қағаз, шыны, органикалық қалдықтар, пластиктер және басқаларына. Осы жоба негізінде студент экологтардың Алматы қаласындағы ҚТҚ жиналуына байланысты проблемасына деген инициативасы көрінеді.

Ары қарай оқу >>

ҰҚШҰ мен ШЫҰ-дағы Қазақстан рөлі мен болашағы

22.10.2011

21 қазанда халықаралық қатынастар факультетінде «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан рөлі мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аламмыш шараның ұйымдастырылуына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығы мен Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелер институты белсене атсалысты.

Дөңгелек үстел жұмысына жетекші қазақстандық және шетел сарапшылар, Кент университетінің профессоры Р. Макдермотт, Страсбург университетінің профессоры Ив Жанкло және т.б. қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ашық куратор-эдвайзер сағаты

22.10.2011

21 қазанда халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ашық куратор-эдвайзер сағаты өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырылуына сонымен қатар Дипломатиялық аударма кафедрасының эдвайзерлері доцент М.А.Омарова, доцент К.Қ.Смағұлова, оқытушы А.Қ.Ғабасова шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының эдвайзерлері Н.Шәріпқазы, М.Асыл атсалысты. Сондай-ақ дипломатиялық аударма кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент С.Б.Бөрібаева эдвайзерлерге ашық сағатты ұйымдастыруда жан-жақты қолдау көрсетті. Ашық эдвайзер сағатына факультеттердің оқытушыларымен бірге университетіміздің Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Ш.Е.Канафьева қатысты. Бұл эдвайзер сағатының басты мақсаты студенттердің тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына, сыртқы саясатына қатысты білімдерін одан әрі тереңдетіп, олардың туған жерге, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту болды.

Ары қарай оқу >>