Білім беру ісіне байланысты семинар өтеді

25.10.2011

Көрулер: 2750

29-қазан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат) бөлім басшылары, декан және кафедра меңгерушілеріне арналған «Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты семинар өтеді.

Семинарды Ресей инженерлік білім ассоциациясы президенті, Томск политехникалық университетінің «Жоғары кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастыру және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Похолков Юрий Петрұлы жүргізеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі