ҰҚШҰ мен ШЫҰ-дағы Қазақстан рөлі мен болашағы

22.10.2011

Көрулер: 3104

21 қазанда халықаралық қатынастар факультетінде «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан рөлі мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аламмыш шараның ұйымдастырылуына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығы мен Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелер институты белсене атсалысты.

Дөңгелек үстел жұмысына жетекші қазақстандық және шетел сарапшылар, Кент университетінің профессоры Р. Макдермотт, Страсбург университетінің профессоры Ив Жанкло және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел барасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан рөлі, сонымен қатар ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттерінің қазіргі таңдағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі