Спорт түрлері бойынша жарыста бақ сынасты

26.10.2011

Көрулер: 2175

Механика кафедрасының ұйымдастыруымен №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жылдам, биік әрі күшті!» деп аталатын спорттық жарыс өтті. Бұл жарыс спорттың алты түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс) студенттер арасында жарыс өтті. Спорттық жарысқа №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы жүзден аса) студенттер, механика кафедрасының эдвайзерлері және жалпы денешынықтыру кафедрасынан А.В.Таранова қатысты. Жарысқа футболдан 8 команда, волейболдан 4 команда, тенниске 20 студент, шахматқа 16 студент, тоғызқұмалаққа 4 студент, арқан тартысқа 4 команда қатысты.

Футболдан - механика мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенттерінің «Ақсай» командасы (Зауырбеков Азамат - команда капитаны, Құрмансейіт Мақсат, Кеңесбаев Тимур, Муратбеков Нұрсұлтан, Досым Азамат, Садықов Нұрбол), волейболдан жатақхана студенттерінің құрама командасы (Команда капитаны- Алдибек Асхат), теннистен - механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Сексенұлы Сұлтан, шахматтан-МКМ мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Ахмер Ермек, арқан тартысудан механика мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенттерінің командасы (Шаяхметов Нұрлан, Байменов Ералы, Темешов Айдарбек, Есімхан Шалқар, Пірімбетов Несіпбек, Құрмансейіт Мақсат), тоғызқұмалақтан- механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Баимбетов Дінмухаммед жеңімпаздар атанды. №8 жатақхана төрайымы Төлепбергенова Айжан студенттер атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі