Жаңалықтар

Ашық есік күні

05.11.2011

4 қарашада Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, университет колледжі мен лицейінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласының № 51, № 88, № 131, № 132, № 137, № 159, № 162, № 163 мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Шараны өздерінің сәлемдесу сөздерімен философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р.Масалимова, жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы М.Ауган, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ лицейінің директоры Д.Е.Алпысбаева ашты.

Шара аясында студенттер КТК, психологиялық ертегі, әуенді пантомима-көрініс, флеш-моб стиліндегі билер, авторлық өлеңдер, факультет мамандықтары жайлы әндер айтып, түрлі шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Әскери кафедраға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдау басталады

04.11.2011

«Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру Ережелеріне» сәйкес университеттің ректоры «2011-2012 оқу жылында әскери дайындықтан өтуі үшін студенттерді іріктеу бойынша университеттегі ұйымдастыру жұмыстары туралы » бұйрық шығарды. Осы бұйрықтың негізінде ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдау жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың озық ұстанымы

04.11.2011

Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында 2011 жылдың Ұлттық рейтингiнде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi ҚР БжҒМ ұлттық тiркеу орталығының бағалауы бойынша озық ұстанымдарымен орналасып отыр. ЖОО-дағы бакалавриаттың 29 мамандықтарынан бiрiншi орынды иемденуде. Жетеуінен екінші, ал екі мамандық бойынша үшінші орында. Жүлделi орындар ҚР-ның БжҒМ ҰТО сертификаттарымен расталған.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қоғам қайраткері, танымал публицист Бигелді Ғабдуллин кітабының тұсаукесері өтті

03.11.2011

«Великое кочевье» кітабының авторы кітап тұсаукесерінде қазақ халқының алтығасырлық тарихының ең маңыздылары мен кітаптың тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына арналғандығын айтты. Журналистика, филология, әлем тілдері және әдебиеттану, тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері кездесу барысында «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторымен еркін түрде әңгімелесті.

Ары қарай оқу >>

«Жас экологтар» ашық есік күнін өткізді

03.11.2011

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында «Жас эколог» ұйымының ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне студенттер үлкен белсенділікпен қатысып өздерінің өнерден кенде емес екендіктерін танытты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер SPORTident фирмасының сертификаттарымен марапатталды

03.11.2011

20-21 қазан 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында география және табиғатты пайдалану факультетінің туризм кафедрасымен және ҚР спорттық бағдарлау Федерациясымен бірлесе отырып электронды белгі қоюға арналған SPORTident (Германия) құрылғысының және Winorienta (Россия) бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсетуге арналған халықаралық тәжірибелік семинар өткізілді

Аталған жарысқа Астана, Атырау, Павлодар, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Алматы және Маңғыстау облыстарынан қатысушылар келді. Семинар аясында спорттық бағдарлаудан электронды белгі қоятын SPORTident құрылғысының көмегімен механико-математика факультетінің студенттері арасында жарыс өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Отандық және шетелдік экономистер айтулы саланың әдіснамасын назарға алды

03.11.2011

Экономика ғылымы қандай деңгейге жетті, қай сатыға көтерілді, нендей жаңалықтар бар? Бұл сұрақтарға жас ғалымдар мен экономика факультеттерінде маманданып жатқан студенттер жауапты 3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тыңдай алды.

Экономика әдіснамасын және аталмыш салада теория мен тәжірибені ұштастыру бағытын қамтыған ғылыми жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Әубәкіров Яхия Әубәкірұлын еске алуға арналды. Халықаралық жиынның өтуіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге, ҚР ЖОО қауымдастығы, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы да қолдау танытты. «Халықаралық бас қосу экономика ғылымының майталманы, үздік ұйымдастырушы, ғалым Яхия Әубәкіровтың ғылымға қосқан үлесін насихаттай отырып, экономиканың өзекті тақырыптарын қозғап отыр. Мұнда көтеріліп жатқан экономика саласындағы баяндама тақырыптары қоғам дамуында өте маңызды. Конференцияда экономикалық ғылымының теория және әдіснама мәселелері, экономикалық саясаттың және Қазақстан дамуындағы тәжірибелік өзекті мәселелер, экономикалық кадрларды дайындауды жетілдірудің басымдылықтары да кеңінен қарастырылуда. Бұл халықаралық жиынды сонымен қатар жас мамандардың, магистранттар мен докторанттардың білім жинау, жетекші ғалымдармен тәжірибе алмасу алаңы деп есептеуге болады», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Ғалым Мұтанов.

Ары қарай оқу >>

«Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

02.11.2011

3 қараша, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің Малахит залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР жоо-лар Ассоциациясымен, Қазақстанның қаржыгерлер Ассоциациясымен бірлесе Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Әубәкіров Яхия Әубәкірұлын еске алуға арналған «Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда экономикалық ғылымының теория және әдіснама мәселелері, экономикалық саясаттың және Қазақстан дамуындағы тәжірибелік өзект мәселелер, экономикалық кадрларды дайындауды жетілдірудің басымдылықтары қарастырылады.

Мақалалардың тақырыбы іргелі ғылыми зерттеулердің келешекті бағыттарына сәйкес келеді және экономикалық ғылымның әдіснамасымен, әлеуметтік-бағдарланған экономиканы қалыптастырумен, заманауи экономикалық ғылым және практикасының басқа да мәселелерімен байланысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды.

Ары қарай оқу >>

«Полимедиялық технология – XXI ғасыр ұстазының құралы» атты семинар өтті

02.11.2011

Қазан айының 28-29 күндері «Полимедиялық технология – XXI ғасыр ұстазының құралы» атты оқу үдерісінде ақпараттық-байланыстық технологиялардың қолданылу теориясы мен тәжірибесіне бағытталған екінші ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің үндеуі

01.11.2011

2011 жылдың 25 қазанында «Рух пен тiл» жастар ұйымы хабарлағандай, Елбасыға Алматының алты жоғары оқу орындарының 8 мыңнан аса студенті қол қойып Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетуін талап етіп хат жолдаған. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері де бар деп аталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті студент жастардың мәлімдемесін ескере отырып, университет жастарының қол жинау акциясына қатыспағандықтарын айтып қоғамды ақпараттандыруды қажет деп санайды.

Ары қарай оқу >>