Жаңалықтар

Д.А. Конаевтың туылғанына 100-жылдық мерейтойына байланысты шаңғы жорығы өтті

20.02.2012

19 ақпанда Есік қаласының тасжолынан Балтабай ауылына дейінгі созылған шаңғы жорығы ұйымдастырылды. Жорыққа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының 1-2 курс студенттері және Абай атындағы ҚҰПУ-ң студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жеңіс құтты болсын

20.02.2012

13-18 ақпан аалығында өткен 65-ші факультет аралық спартакиадасының нәтижесінің Қорытындысы белгілі болды. Баскетболдан қыздар командалары арасынан: 1 орын – биология және биотехнология факультеті, 2 орын - физика техникалық факультеті, 3 орын – география және табиғатты пайдалану факультеті иеленсе, волейболдан ұлдар командалары арасынан 1 орын - биология және биотехнология факультеті, 2 орын – заң факультеті, 3 орын – механика математика факультетіне берілді.

Ары қарай оқу >>

Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына - 80 жыл

20.02.2012

20 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен қазақ тіл білімі ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз, бос жұмыс орыны

17.02.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті, Халықаралық академиялық мобильділікті қамтамасыз ету бөліміне жетекші маман бос орнына байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді

16.02.2012

17 ақпан күні сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған дәсүрлі «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ардагерлер кеңесті

15.02.2012

15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссиясы мен ҚазҰУ-дың және қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің біріккен отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Жер ресурстары басқару агенттігі арасында меморандумға қол қойылды

15.02.2012

15 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров білім мен кадрларды дайындау саласы бойынша екіжақты келісім-шартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>