«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді

16.02.2012

Көрулер: 1992

17 ақпан күні сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған дәсүрлі «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – факультетте білім алып жатқан шетелдік студенттерге ақын өлеңдерін насихаттау, қазақ тіліне, өнеріне деген құлшыныстарын ояту. Мүшәйрада қазақ тілін үйренгендеріне төрт ай болған Ауған Ислам Республикасынан келген студенттер Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысқа түседі. Сондай-ақ шараға қазақ диаспорасы өкілдері, Алматы қаласындағы ЖОО студенттері, ақын өнерін құрметтейтін талантты жастар қатысып, өз өнерлерін ортаға салады. Айтулы жыр додасын жіберіп алмаңыз.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр мен Масанчи көшесінің қиылысы 39 /41.

Байланыс телефондары: 2 92 57 17 ішкі нөмер 21-87;

2 69 42 40; 8701 76 00325

(Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы)