Жаңалықтар

Студенттер белсенділігімен танылады

14.02.2012

13 ақпандағы ректорат мәжілісінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың клубтық жұмысының дамуы жөнінде тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі бөлім бастығы Талғат Әбішевтің баяндамасы тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсеткен Рыспек Меруерт – биология және биотехнология факультетінің студенті

13.02.2012

2012 жылдың қаңтарында Инсбрук қаласында (Австрия) юниор-спортшылар арасында Бірінші қысқы Олимпиада ойындары өтті. Олимпиадаға 70 ел өкілдері қатысқан. Қыздар арасында өткен шайбалы хоккей бойынша қатысушылар арасындағы мықты өнер көрсетушілер Швеция, Австрия, Германия, Қазақстан және Словакия ойыншылары

Ары қарай оқу >>

14 февраля в КазНУ состоится встреча с Председателем Верховного Суда РК Бектасом Бекназаровым

13.02.2012

Встреча начнется в 11.00 ч. в конференц-зале ректората (15-этаж) и будет посвящена проблемам и современным направлениям развития правовой журналистики. Председатель Верховного Суда РК Б.Бекназаров выступит по данной теме перед профессорско-преподавательским составом, студентами и магистрантами факультета журналистики, ответит на интересующие их вопросы.

Ары қарай оқу >>

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті

10.02.2012

10 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығы ғылыми қызметкерлерге, саясаттанушыларға, тарихшыларға, журналистерге, жоғары және орта білім беру орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Қазақстанның тұңғыш президенті жайлы жарық көріп отырған биобиблиографиялық көрсеткішті тарихшылар ел тәуелсіздігі тарихында құнды деректер мен мәліметтердің зерттелуіне қосар ерекше еңбек дейді. ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Болашақта жаңа ғалымдар, жас ұрпақ, еліміздің тарихын зерттеп, зерделегенде бұл кітаптың алар орны зор. Альфавиттік жүйемен берілген көрсеткіштер Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен қолтаңбасы анық айтылады», - дейді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған семинар-тренинг өтті

09.02.2012

«Арнаулы медициналық оқу бөлімінде оқу топтарын қалыптастырып сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары» атты семинар-тренингке Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының 78 оқытушысы қатысты.

Ары қарай оқу >>

28-29 ақпанда өнеркәсіп және бизнес құрылымдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар өтеді

09.02.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 28-29 ақпан аралығында сағат 10:00-де университеттің әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат), «Жол картасы «Бизнес және ғылым - 2020» бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп және бизнес құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен Халықаралық семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Иран елінің делегаттарымен кездесу өтті

08.02.2012

8 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірінші проректоры М.М.Бүркітбаевтың Иран революциясының 34 жылдығына орай өтетін онкүндік аясындағы Иран жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Олимпиада қатысушыларына жасалған жеңілдік

08.02.2012

Ақпанның 6-8 аралығында дәстүрлі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «әл-Фараби олимпиадасының» І туры өтті. Ол қашықтықтан тапсыруға болатын онлайн сынақ түрінде болды. Ал ғаламторға қолжетімсіздер үшін ҚазҰУ-дың жастар интернет орталығы жеңілдік жасады. Алматы қаласы мен облыстан келген оқушылар сынақты сол орталықта тапсырды. І турда әр пәннен 30 сұрақ бойынша тест тапсырылады. Оның қорытындылары анық болған соң, облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалаларына университеттің оқытушыларынан жасақталған арнайы топ шығып, ІІ тур өткізіледі. Ол 21-23 ақпан аралығын қамтиды деп жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Экономиканы индустриаландыруда қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі» атты семинар өтті

07.02.2012

4 ақпанында география және табиғатты пайдалану факультеті «Энергоэкология» кафедрасында «Экономиканы индустриаландыруда қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі» атты тақырыппен кезекті ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

«Заң клиникасы» жобасы жүзеге аспақ

07.02.2012

6 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығы Финляндия Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Лаура Рейниля мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының менеджері Жанель Баястановамен кездесті.

Ары қарай оқу >>