Жаңалықтар

Макулатура жинау арқылы «Қағаз қалдықтарын іске асыру» атты акция басталды

06.02.2012

2012 жылдың 1 ақпанынын бастап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының бастауымен макулатура жинау арқылы «Қағаз қалдықтарын іске асыру» атты акция жарияланды. Бұл акцияға барлық студенттер, университет қызметкерлері және оқытушы профессорлар құрамы қатыса алады.

Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің және тіршілігінің нәтижесінде қоршаған ортаға тән емес заттар көп мөлшерде шығарылып, табиғи орта ластануда. Сол себептен Біз барлық тұрғындарды (жастарды, ересектерді, жас өспірімдерді) ауаның, судың, көшелердің және аулалардың тазалығын сақтауға шақыруымыз қажет!

Біздің мақсатымыз қала және ауыл тұрғындарына, студенттерге екіншілік шикізат болып табылатын қағаз қалдықтарын – макулатураны тиімді пайдалану қажет екенін көрсету. Макулатураның (қағаз қалдықтарының) 1 тоннасын іске асыру арқылы 400 м3 ағаш өнімін сақтап қалуға болады, ал бұл –5 үлкен ағашты сақтап қалумен бірдей!

Жыл сайын планетадағы өсімдіктер 150 млрд тонна көміртекті өндеп, атмосфераға 25 млрд тоннадан астам оттек бөліп шығарады. Ауданы 1 гектарға тең орман алқабы 1 күнде 40 тонна суды буландырады.

Қағаз қалдықтарын қайта пайдалану тек ормандарды сақтаумен шектелмейді, сонымен бірге қағаз қалдықтарын жинап алып, іске асыру – табиғат ластануының алдын-алу болып табылады. Целлюлоза өндірген кезде табиғи суқоймалардың ластануы, демек, табиғи ортаға тигізілетін зиян макулатураны өндегенде келтірілетін зиянмен салыстырғанда бірнеше есе қауіпті! Қағаз қалдықтарын қайта өндеу – қатты қалдықтардың мөлшерін азайтып, оларды жағу нәтижесінде немесе олардың шіруінің салдарынан атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайтады.

Ары қарай оқу >>

6-7 ақпанда аралығында ҚазҰУ-да QS Халықаралық рейтингтік агенттігінің ОЕ және ОА бойынша аймақтық директорымен кездесу өтеді

03.02.2012

ҚазҰУ-дағы жұмыс сапары барысында QS Халықаралық рейтингтік агенттігінің Орталық Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева QS рейтингінде ЖОО-ның орнын анықтау өзектілігіне тоқталады. Кездесу барысында сондай-ақ, QS әдістемесіне сай ҚазҰУ сатысының жағдайы және болашағы қарастырылады.

Іс-шараға факультет декандарының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарлары, веб-сайт кеңістігіне жауапты мамандар және Стратегиялық сараптама және болжау орталығының, Халықаралық ынтымақтастық департаментiнің, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің, Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің, ҚазҰУ кітапханасы мен Мұражайының басшылары қатысады.

Ары қарай оқу >>

6 ақпанда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» олимпиадасының туры басталады

03.02.2012

Құрметті 10-11 сынып оқушылары!

2012 жылдың 6 ақпанында «Әл-Фараби» олимпиадасының бірінші (іріктеу) туры басталады. Олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі. Бірінші тур бекітілген кестеге сай өтеді, екінші тур 21-23 ақпан аралығында ҚР басқа да аймақтарында, Алматы және Астана қалаларында өтеді.

Бірінші турға қатысу үшін қатысушылар белгіленген уақытта www.kaznu.kz сайтына кірулері қажет.

Назар аудырыңыздар! 2012 жылдың 5 ақпанында сайтта тіркелу аяқталады.

«Әл- Фараби» олимпиадасының І турының (қашықтан тестілеу)

ҚР аймақтарында өткізілу кестесі

Ары қарай оқу >>

Әріптестігіміз артуда

02.02.2012

2 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу орны басшылығы мен «Hewlett-Packard» (HP) өкілдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы басшысы Ерлан Дүйсенбин, «Hewlett-Packard халықаралық технологиялар институт+ы» бағдарламалық жетекшісі Игорь Белоусов және Бизнесті дамутыдағы менеджер Эльвира Сапожниковамен арнайы кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Семинарда қазақ тілінде құжаттарды жүргізу бағыттары айтылды

02.02.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында «Мемлекеттік тілде дене шынықтыру және спорт кафедрасында іс-қағаздарды жүргізу және оқу үрдісінде қолдану жолдары» атты ғылыми семинар өткізілді. Семинарда бүгінде қандай құжаттарды қазақ тілінде жүргізу ісінің тиімді тұстары қарастырылып, қолдануға ыңғайлы әдіс-тәсілдер де үйретілді. Жылдан жылға қазақ тілін меңгеру, қазақ тілі қолдану аясын кеңейтіп, арттыра түсу үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Аталған семинарда кафедраның барлық оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен ММУ ынтымақтастығы жалғасуда

02.02.2012

Осыдан 3 жыл бұрын орыс ағартушысы М.В.Ломоносов пен қазақ топырағының ғұламасы әл-Фараби атын иеленген қос университеттің студенттері өзара ынтымақтастық мемрандумына қол қойған болатын.

Биыл ҚазҰУ –дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев, Студенттік конструкторлық бюро төрағасы Қуанышбек Ерниязов пен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Әлия Қарақожаева Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен ТМД елдері Студенттік және жастар ұйымдары көшбасшыларының VII Форумына қатысты. Форум барысында ҚазҰУ Студенттік конструкторлық бюро ММУ-дың Студенттік Одағымен, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы Студенттік және жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығымен арнайы келісім-шартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Жастар ұйымы көмекке дайын

02.02.2012

Егер сіздерде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығына қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, онда сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық поштаға kmo_kaznu@mail.ru жіберіп , оларға жауап ала аласыздар немесе Жастар ұйымдары комитетіне хабарласыңыздар. Тел: 3773330 ішкі 1198; кабинет 11-08

Ары қарай оқу >>

Бүгін Жастар ұйымдары комитеті кеңейтілген жиналыста бас қосады

02.02.2012

2012 жылдың 2 ақпаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті белсенді студенттермен және студенттік клуб, ғылыми қоғамдастық басшылармен тәртібінде кездесу өткізеді.

Күн тәртінде Елбасының Қазақстан Халқына жолдауы, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары дамуының негізгі бағыттары талқыланатын болады.

Ары қарай оқу >>

4 ақпанда брейн-рингіден ҚазҰУ Кубогы өтеді

31.01.2012

4-5 ақпан жұлдызында 2012 ж. химия және химиялық технология факультетінің малахит залында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кубогының» брейн-рингтан қалалық интеллектуалды турнирі өтеді. Турнирге Алматы қаласынан 10 ЖОО-нан 48 топ қатысады деп күтілуде. Сайыс нәтижесінде үздік деп танылған 3 топ Гранд-Финалға қатыса алады.

Ары қарай оқу >>