Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері Лонданға жолдама ұтып алды

27.02.2012

Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға лицензия алу үшін 2012 жылдың 24-27 қаңтарында Жапонияда су добынан Азия чемпионаты болып өтті. Чемпионатта Қазақстанның құрама командасы жеңіп, лицензияға қол жеткізді. Қазақстанның құрамасына біздің студенттер қатысты, филология факультетінің 4 курс студенті Алексей Шмидер және біздің түлек Роман Пилипенко.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ халықаралық Times Higher Education семинарыға қатысуға шақырады

27.02.2012

19-20 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің қолдауымен Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісінің редакторы Фил Батыдың қатысуымен «Қазақстан университеттерінің Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісіндегі тәжірибиелері» атты халықаралық семинары өтеді.

Ары қарай оқу >>

28 ақпан ҚазҰУ-да «Бизнес және ғылым – 2020» екікүндік халықаралық семинар-кеңесі өтеді

25.02.2012

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-мнистрі Қаныш Тілеушин шетелдік белгілі сарапшылардың қатысуымен өтетін ғылыми жұмыстарды коммерциаландыру мен ғылым және бизнестің интеграциясы жайлы семинар-кеңесті ашады.

Ары қарай оқу >>

Университетте алғаш рет «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтті

24.02.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтті. Әлемнің сегіз елінің өкілдері қатысып, олар 47 елді таныстырды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып, Алматы халықаралық БҰҰ Моделін Қазақстанның БҰҰ-ға қабылданғанына 20 жыл толуына орай алғаш рет өткізіп отыр. Бұл студенттер ойыны тек ағылшын тілінде өтті. Бұл жиынның ашылу рәсіміне ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, ҚР-ның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров және т.б. қатысты. Жарысқа қатысушылар Қазақстанның БҰҰ-на қабылданған сәтінде жасалған деректі фильмді тамашалап, күш-жігерлерін жинап, жарысты зор қуанышпен өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтті

24.02.2012

2012 жылдың 23 ақпанында философия және саясаттану факультетінде Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология ғылыми-зерттеу Орталығының ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібаевтың туған күніне арналған «Академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Екіжақты байланыс арта түспек

23.02.2012

Бүгін Қазақстандағы Канада Елшісі Стефан Миллер мен Канаданың Карлстон университетінің профессоры, доктор Петр Дуткевич әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов және университеттегі халықаралық қатынастар факультеті, философия және саясаттану факультетінің деканы, магистранттар, докторантармен екіжақты байланысты арттыру мақсатында кездесті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға тарту үшін жақында жеңіп алған 2,4 миллиард теңгелік гранттың 10 пайызын жұмсайды

23.02.2012

Жоғары оқу орнындағы үлкен сыншы да, атқарылған іске баға беруші де – студент. Білім және ғылым ордасында не үйлеспей жатыр, қандай сұрақ шешімін таппай, нендей мәселелер күн тәртібінде тұр. Бұл тұста студентпен ақылдаса, ұжыммен бірлесе, бір жүйеде жұмыс атқарғанда алар асу мен жетер белес еселене түспек. Мұндай пікірді ерекше назарға алған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов 22 ақпан күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университеттегі әр факультеттен жиналған екі мыңға жуық белсенді жаспен арнайы кездесіп, студенттер қауымы мен ректор арасындағы ашық сұрақ-жауап диалогын өрбітті.

«Жастармен жүйелі түрде кездесіп тұру керек», - деп сөз алған Ғ. Мұтанов бүгінгі студенттерге әкімшілік жүйе қолданып, міндеттегеннен гөрі, олармен бір дәрежеде тілдесіп, ұсыныстарына көңіл бөлу қажеттігін алға тартып, жастарға сенім артты. Себебі, қара шаңырақ басшысының пайымдауынша, дәл бүгінгі таңда жастар білім ошақтарына жоғары деңгеймен, қалыптасқан дәрежедегі әлеуетпен, биік мәдениетпен келеді. Ендеше, бұл ретте негізгі мәселе олардың болашаққа қандай септігі тиетіндігіне көңіл бөліп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Осы орайда ректор университеттегі атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесі мен алдағы жоспарлар аясында студенттерге баяндап, олармен пікір алмасты. Кездесуде ректор ҚазҰУ жақында 2,4 миллиард теңге қаржы көлеміндегі грантты жеңіп алғанын, студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға тарту үшін осы қаржының 10 пайызы жұмсалатындығын жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Марапатқа лайық студентік жоба

22.02.2012

«Шеврон» компаниясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, «RESD» қоғамдық қоры өткізген жарықтандыруды энергоүнемдеу жобаларының ІV Республикалық байқауына география және табиғатты пайдалану факультеті «Энергоэкология» кафедрасының студенттері белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

«7 Муза» қоғамы музыкалық кеш өткізеді

21.02.2012

«7 Муза» қоғамы Сіздерді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваритиясының Үлкен концерттік залында өткізілетін музыкалық кешке шақырады:

Орган музыкасын кеші (бағдарламада Г. Бемның и Ф. Листтың шығармалары). Ақпанның 24-шы жұлдызы, сағат 19.00.

Ары қарай оқу >>

Рухани байытатын жоба

21.02.2012

Рухы биік ел құлдырамайды. Ал, ел ертеңі – жастарға биік рухты қалай бере аламыз. Бұл сұрақтардың үддесінен шығу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастарға, қоғамға ой салатын жоба жасады. Бұл жоба «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталады.

Ары қарай оқу >>