Жаңалықтар

Дінмұхамед Қонаевтың100 жылдық мерейтойына орай «Д.Қонаев атындағы кубогы» үшін студенттер арасында Pеспубликалық пікірсайыс турнирі өтті

28.02.2012

Ақпан айының 25-26 күндері Тараз қаласы, Тараз Иновациялық-Гуманитарлық Университетінде өткен Республикалық турнирінде «Алтын сапа» клубының құрамасы 3-ші орынға ие болды. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 30-ға жуық құрамалар қатысты.

Ары қарай оқу >>

KazENERGY кубогіне арналған «Жастар Энергетика мен Мұнайгаз секторының тұрақты дамуын қолдайды» атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

28.02.2012

Қазақ-Британ Техникалық Университетінің қабырғасында 25-26 ақпан күндері арасында өткен Республикалық турнирінде Қазақ Ұлттық Университетінің «Алтын сапа» пікірсайыс клубының құрамасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі дөңгелек үстел өткізді

28.02.2012

27 ақпанда Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасынының «Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 411 дәрісханасында «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшылар мектебі 1 курс студенттері арасындағы белсенділерді іріктеп, қабылдау басталғандығын хабарлайды

28.02.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жастар ұйымдар комитеті дәстүрлі «Көшбасшылар мектебі» атты жобаның жүзеге асуын жалғастыруда. Жаңа, көктемгі «Көшбасшылар мектебіне» іріктеу 2012 жылдың 28 ақпанында сағат 17.00-де «Руханият» мәдени орталығында өтеді. Көктемгі «Көшбасшылар мектебіне» 1 курс студенттері қатыса алады. Мектептегі оқу бағдарламасы өте тиімді және пайдалы. Қатысушылар түрлі бағыттардағы тренингтардан өтіп, жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу барысында түрлі бағыттағы әлеуметтік жобаларды жазуды үйренеді. Сонымен қатар қатысушылар өзінің атқарған жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялауына мүмкіндік алады.

Ары қарай оқу >>

27 ақпанда «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

28.02.2012

«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі бас болған алқалы жиынға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Р.Е. Жансараева, студенттердің ғылыми зерттеу орталығының директоры з.ғ.к., доцент Н.С. Жетібаев, Алматы қалалық ІІД ҚКП бастығы, подполковник Б.Ш. Абдуалиев, Алматы қалалық ІІД Тергеу бөлімінің бастығы, подполковник Ә.Л. Тұрсынбетов, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика бірлескен үйірмесінің төрағасы з.ғ.к., доцент О.Н. Тілепбергенов қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы м.Е. Ақболатова, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Б. Шопабаев қатысты.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге аталған тақырып аясында заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Олар меншікке қарсы қылмыстарды әр түрлі аспектіден қарастыра отырып, алуан түрлі тақырыптарды қамтыды.

Ары қарай оқу >>

Идея озық болсын

28.02.2012

Басқа күнді былай қойғанда, әр дүйсенбі сайын ҚазҰУ-дың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейе түседі.

Бұл жолғы Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов пен Вайоминг университеті президенті атынан М. Браун екі-жақты ынтымақтастық келісім-шартына қол қойды. Тағы бір жаңалық университеттің Эндаумент қорына қазұулық түлек, Халықаралық бизнес академиясының Президенті-ректоры Асылбек Қожахметов бес жүз мың теңге аударды. Ал Ұдайы жақсартудың Кайдзен стратегиясы бойынша келіп түскен идеялар төңірегінде Сапа менеджменті және ақпараттық-сараптамалық зерттеулер бөлімінің бастығы Гүлшат Минажева баяндады.

Ары қарай оқу >>

Қолдау деп осыны айт

28.02.2012

Бір күннің ішінде ҚазҰУ-дағы шәкіртақы саны 27-ге өсті. Оның 19-ын оқуда озат, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім балаларға тағайындаған экономика және бизнес жоғары мектебінің қаржы кафедрасы ерледі.

Әдеттегідей, шәкіртақылар Ректорат мәжілісінде студенттерге тапсырылды. Факультет деканы Баян Ермекбаева ҚазҰУ-дың озат оқушыларға деген қаржылай қолдауы түкпір-түкпірге танылып отыр дейді. Оған Повладар қаласы әкімдігінің тағайындаған шәкіртақысы куә болды.

Ары қарай оқу >>

Талапқа сай келмесең, орын жоқ

28.02.2012

ҚазҰУ ұжымы алдында үлкен міндет тұр. Ол – мемлекеттік аттестация тапсыру. Алдын ала тексеру комиссиясы дайындықты бір пысықтамақ. Барлық талап бүге-шүгесіне дейін қаралады. ҚазҰУ имиджіне нұсқан келтіретін ілініп-салынып, жүрдім-бардым жүрген студенттерді оқудан шығару да қарастырылды.

27 ақпан күнгі Ректорат мәжілісінде Оқу жұмысы жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева аттестацияға дайындық барысымен таныстырды. Проректор бұл сынақты университеттің соңғы жылдары атқарған сәтті жұмыстарын таразылайтын сәт дейді. Ал, ректор Ғалым Мұтанов оқытушы-профессорлар құрамын жоғары дәрежеде тапсыруға міндеттеді. Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолындағы көшбасшы университетке бұл үлкен сын.

Ары қарай оқу >>

Бірлігі жарасқан ел жастары – «Бірлік.kz»-те бірікті!

28.02.2012

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында жастарға аса көңіл бөлінгені белгілі. Осы негізде Елордасы – Астана қаласында «Оқыту үдерісін күшейтудің типтік кешенді бағдарламасы» жасалып, оның жұмысына ҚазҰУ қызметкерлері мен білімгерлері қатысып келді.

 

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы Сандуғаш Картаева, философия және саясаттану факультетінің phd докторанты Жеңісбек Төлен, журналистика факультетінің магистранты Камиль Галиев жастар тәрбиесінің типтік кешенді бағдарламасын жасау мақсатында Астана қаласына екі апталық жұмыс уақытына арнайы іс-сапармен жіберілді.

Ары қарай оқу >>

«Жарқын жұлдыз» бишілік – әншілік – аспаптық байқауы өтеді

27.02.2012

29 ақпан , сағат 15:00-де Механика-математика факультетінің сары залында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен интернаттар мен балалар үйі арасында «Жарқын Жұлдыз» атты бишілік- әншілік- аспаптық байқауы өткізіледі. Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері еліміздің әлеуметтік, экономиялық, саяси ортадағы жаңғыруында мағызды рөл атқаруы керек. Сонымен қатар қоғамдық өмірге белсене араласуы да керек.

Ары қарай оқу >>