Д.А. Конаевтың туылғанына 100-жылдық мерейтойына байланысты шаңғы жорығы өтті

20.02.2012

Көрулер: 1808

19 ақпанда Есік қаласының тасжолынан Балтабай ауылына дейінгі созылған шаңғы жорығы ұйымдастырылды. Жорыққа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының 1-2 курс студенттері және Абай атындағы ҚҰПУ-ң студенттері қатысты.

Жорық Есік қаласына баратын тасжолдан басталып, Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында мәресіне жетті. Жорық барысында студенттер түйеқұс фермасына экскурсия жасап, оның жұмыс істеу, жануарларды баптау жұмысымен танысты. Туризм кафедрасының студенттері және олардың жетекшісі Р.М.Байбуриев, Е.Алимжанова 15 км дистанциядан өтті.

Туризм кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң әкімшілігіне жорықты ұйымдастыруға қажет болған автобус үшін, дене шынықтыру кафедрасына құрал-жабдықтары үшін үлкен алғыс білдіреді.

География және табиғатты пайдалану факультеті