ҚазҰУ мен Жер ресурстары басқару агенттігі арасында меморандумға қол қойылды

15.02.2012

Көрулер: 1722

15 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров білім мен кадрларды дайындау саласы бойынша екіжақты келісім-шартқа қол қойды.

Кездесуге Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтық жер инспекциясының, Агенттіктің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері: «МемжерҒӨО» РМК-ның Бас директоры Әбдіғали Бегманов, «Казгеодезия» РМҚК-ның директор міндетін атқарушы Қарыбай Шалабаев, ҚР ҰҒА академигі – Зайролла Дүйсенбеков, «МемжерҒӨО» РМК Алматы филиалының директоры Аманғали Бейімбетов, Алматы қаласы бойынша жер инспекциясының бастығы Асан Ноғайбаев, сонымен қатар география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Виталий Сальников, биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова, заң факультетінің деканы Даулет Байдельдинов және география және табиғатты пайдалану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыстар мен халықаралық байланыстар бойынша орынбасарлары да қатысты. Екіжақты қолдау тапқан меморандум негізінде жерге орналастыру және кадастр мамандығынан бірлесіп маман даярлау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жасау, ғылыми қызметкерлер арасында ортақ инновациялық жобалар жасау болмақ. Сондай-ақ, жер ресурстары басқару агенттігі олардың қорымен қолдануға мүмкіндік беретіндіктерін айтып, жерге орналастыру және кадастр, геодезия жәнен картография, геоботаника, жер құқықтары саласын өте жақсы меңгерген, ұлттық университеттегі білімнің терең нәрімен сусындаған нағыз майталман маман адамдар керектігін атап өтті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі