Ардагерлер кеңесті

15.02.2012

Көрулер: 2288

15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссиясы мен ҚазҰУ-дың және қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің біріккен отырысы өтті.

Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру университет мұражайындағы дәстүрлі игі іс-шаралардың бірі.

Бұл шараның мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы аясында жастарға патриоттық, ізгілік және адамгершілік тәрбие беру мәселелерін талқылау; Жастарға отансүйгіштік тәрбие беру жолдарының үрдісін ҚазҰУ мұражайының тәжірибесінде қарастыру; Тәуелсіз еліміздің өрескел ұрпағын жан-жақты рухани бай, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу мәселелері т.б.

Іс-шараға ректор Аппараты басшысы Қ.З. Жүсіпов және Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссияның төрайымы Б.Р. Рамазанова және қалалық кеңес президиум мүшесі О.Е. Есенғазиев, комиссия төрайымының орынбасары М.М. Абдушкуров, және ардагерлер кеңесінің мүшелері бар. Мәселен, Алатау аудандық АК С.А. Аширбеков, комиссия хатшысы С.Б. Бейсенбаева, Түрксіб аудандық АК Л.Г. Козедуб, Әуезов аудандық АК Н.П. Непомилуева

Алмалы аудандық АК Х.Ж. Сатыпалдина, Жетісу аудандық АК Б.В. Файзуллина, Бостандық аудандық АК М.Р. Рахимов, ҚазҰУ АК Ғ.Ж. Жұматов, ҚазҰУ АК төраға орынбасары К.Ш. Баймишева,

ҰОС ардагері, ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы У. Шалекенов қатысты. Іс-шара барысында қонақтар: мұражайдың «Университет Ұлы Отан соғысы жылдарында», «ҰОС ардагерлері», «ҚазҰУ студенттері - Қазақстан болашағы» т.б тақырыптағы 5000-нан астам бай экспозициясымен танысты. Мұражай директоры Тамара Тәжібаева «Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті рухани танымы жоғары мамандар дайындаудағы университеттік мұражайдың рөлі» тақырыбындағы баяндама жасап, мұражай қызметі жайында видео презентация көрсетілді. Сонымен қатар, жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссия жұмысының 2011 ж. атқарған қызметі мен 2012 ж. арналған жоспарымен таныстырды. Іс-шараға қатысушылар «Н.Ә.Назарбаев және Тәуелсіздіктің 20 жылы», «әл-Фараби мұрасы және жастардың рухани тәрбиесі», «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы патриоттық тәрбие» атты тақырыптық көрме қойылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі