Жаңалықтар

«Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

21.06.2012

20-21 маусым күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын МАПРЯЛ аясында «Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде.

Ары қарай оқу >>

Лиссабонға сапар

16.06.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов ғылымдағы аса зор еңбегі үшін Лиссабон Жоғары инженерлік институтының Құрметті профессоры атағына ие болды.

Ары қарай оқу >>

Тарихшылар форумы

16.06.2012

Университетіміздің тарих, археология және этнология факультетінде 2012 жылдың 13 маусымы күні дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция тарих ғылымдарының докторы, профессор Я.Д.Серовайскийдің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналды.


Пленарлық мәжілісте «Қазақстан медиевистикасы 20 жыл ішінде» атты баяндамасымен сөз алған дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов кафедраның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтті. Жуырда ғана Үкімет делегациясының құрамында Францияда ғылыми іс-сапарда болып, Шампань аймағындағы Шепп қаласында атақты бабамыз Аттиланың ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, баяндама жасап қайтқан профессор Қ.Т.Жұмағұловтың әлемдік тарихтың дамуына, соның ішінде ғұндар мәселесінің зерттелуіне қосып жатқан қомақты үлесі оның баяндамасы арқылы ғылыми қауымға тағы да бір жол тауып, ерекше әсер қалдырды.

Конференция жұмысына университетіміздің басшылығы, көрнекті қоғам қайраткерлері, профессор Я.Д.Серовайскийдің отбасы мүшелері, замандастары, шәкірттері және басқа да ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы ҚазҰУ-дың ғылым жөніндегі проректоры және бірінші проректоры болып қызмет еткен профессор З.А. Мансұров қатысып, Я.Д. Серовайскиймен қызметтес болған жылдардың қызықты сәттерін еске түсірді. Ю.Я.Серовайскийдің қызы, т.ғ.к., доцент Ю.Я. Серовайская өзінің «Ғалым, педагог, азамат - Я.Д. Серовайскийдің өмірбаяны» атты баяндамасында профессордың сан салалы, мәнді де мағыналы өмірін перзенттік үлкен тебіреніспен баяндап берді. Пленарлық мәжілісте, сондай-ақ тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Ж.Қ. Таймағамбетов баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың Мыңжылдық саммиттегі жеке секциясы

13.06.2012

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) Жанейрода «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында жалғыз болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады. Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да профессор Джозеф Строблменнің қатысуымен онлайн-семинар өтті

06.06.2012

География және табиғатты пайдалану факультетінде Зальцбург университетінің профессоры, ГАЖ (геоақпараттық жүйе) және Геоинформатика орталығының директоры, Австрия Ғылым Академиясынның ГА ғылым инстутының директоры Джозеф Строблмен докторанттар мен магистранттардың қатысуымен «Географиялық зерттеулердегі ГАЖ» атты тақырыпта онлайн-семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

05.06.2012

4 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қайраткер ғалым, ұлағатты ұстаз Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Әріптестігіміз артып келеді

04.06.2012

Бүгінгі ректорат мәжілісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазақстан Республикасы жобалау менеджерлерінің одағы» қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандумға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов пен ҚР жобалау менеджерлері одағының президенті Алексей Цеховой және экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Оқу мен тәжірибені үйлестіру мәселелері айтылды

04.06.2012

4 маусымдағы ректорат мәжілісінде жазғы семестрге дайындық барысы туралы оқу үдерісі бөлімінің бастығы Гүлнәз Жақыпова баяндама жасап, биылғы жаздық семестр екі кезеңнен тұратынын, онлайн-тіркеу бойынша тіркелген студенттер тізімі мен атқарылған жұмыстың нәтижесімен таныстырды. Жазғы семестрде студент пен профессорға қойылатын талаптарды нақтылап, өз білімдерін жетілдіруде шетелдік студенттердің қызығушылық танытып отырғандарын да атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«Эрнст энд Янг» компаниясы Алматы қаласында ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында The Rising Stars атты үшінші жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарды

04.06.2012

«Эрнст энд Янг» компаниясының кеңсесінде The Rising Stars байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Эрнст энд Янг» компаниясы бұл байқауды жастар арасындыға кәсіпкерліктің рухын қолдау мақсатында жыл сайын өткізеді.

Ары қарай оқу >>