ҚазҰУ-дың Мыңжылдық саммиттегі жеке секциясы

13.06.2012

Көрулер: 3071

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) Жанейрода «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында жалғыз болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады. Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.


Маңызды да зор іс тындырған ҚазҰУ Мыңжылдықтар саммитінде өзінің секциясын ашып қана қоймай, Колумбия университетінің (АҚШ) ғалымдарын, «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетінің (Ресей), Мальта университетінің (Мальта), Федеральді аграрлық университетінің (Бразилия), Бразилия Католдік университетінің және әлемнің басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдарын оның жұмысына тартуда. Секция мәжілісіне сондай-ақ, БҰҰ «академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары» халықаралық клубының мүшелері қатысады.

Секция төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «тұраұты даму стратегиясына орай кадрлық қамтамасыз ету. Энергоэкологиялық аспект» тақырыбында баяндамасы мәжілістің негізгі маңыздылығы болып табылады. Сондай-ақ, Лиссабон Жоғары инженерлік институтының президенті (Португалия) - Хосе Карлос Квадрадо, Федеральді аграрлық университетінің ректоры (Бразилия) - Рикардо Мотта Миранда, Әлемдік Ноосфералық рухани-экологиялық Ассамблеясының президенті - Любовь Гордина және т.б. өз баяндамаларын ұсынады.

Сонымен бірге Халықаралық ғарыш стансасының экипажы болашақ ұрпақ үшін ғаламшарды сақттауға шақыруымен мәжілістің қатысушыларына бейне үндеуін жолдайды. Мәжіліс жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми құрылымдық және инновациялық қағидалар, ғаламдық шақыруларға қажетті негізде Қазақстан Президентінің бастамасын қолдауға резолюция қабылданады.

ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергия-экологиялық стратегиясындағы маңызды сұрақтардың бірі – бірыңғай білім беру кеңістігін құру және энергия-экологиялық дамуды ұлттық және жергілікті деңгейде жүзеге асыруда жастардың рөлін арттыру болып табылады.

Халықаралық QS агенттігі ғылым, инновация және тәжірибе бойынша тұрақты дамуға кадрларды даярлап және ғаламшардың болашағы үшін зор үлес қосатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды әлемдік университеттер арасында тұрақты даму сұрағы бойынша көшбасшы деп атады.

«РИО+20» саммиті тұрақты даму мен «жасыл» экономиканың мәселелерін шешудің және талқылаудың әлемдік алаңы болып табылады.

Форумға мемлекет басшылары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері жиналады.

Әл-Фараби атындағы қазҰУ-дың тұрақты дамуды дамыту идеясын өркендету барысындағы ісшаралармен толығырақ ақпараттық http://rio20.kaznu.kz. web-парағынан білуге болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі