«Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

21.06.2012

Көрулер: 1876

20-21 маусым күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын МАПРЯЛ аясында «Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде.


«Тіл және инновация» атты конференцияның өткен жылдардағы конференциядан ерекшелігі онда Тіл және оның құрамы мен құрылысындағы инновациялық үдерістер; Ақпараттық технологиялар: тіл және оның меңгерілуі; Тіл: қоғамдағы жаһандану мен интеграциялық үдеріс секілді ғылыми-теориялық ауқымы кең тың мәселелер қарастырылды. Конференцияға Венгриядан, Ресей, Санк-Петербург, Түркия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ғалымдар қатысып, өзекті тақырыпты талқыға салды. Ресейден жиынға арнайы келген Анна Владимеровна білім беру саласындағы оқулық мәселесіне тоқталып, кітаптың дизайндалуына және халыққа қолжетімді бағада ұсынылуына, сонымен қатар кітаптың сыртқы пішіні мен ішкі мазмұнына назар аудару керектігін алға тартты. Сондай-ақ Анна Владимеровна мектеп оқушыларына арналған оқулық тек республика көлемінде шығарылуы тиіс дей келе, қазіргі нарықтағы оқулықтың инновациялық, яғни жаңартылған нұсқасына ерекше тоқталды. Ал, ҚазҰУ-дың профессоры Эленора Дюсенова «Отражение инновационных процессов в языке и языковые инновации» атты баяндама жасап, инновациялық үдерісті, бүгінгі жаһанданған замандағы жаңа технологиялардың тілін меңгерумен байланыстырды. Себебі күннен-күнге дамыған ақпараттық технология, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік береді,-дейді. Аталмыш конференция өзінің жаңашылдығымен, өзектілігімен ерекшеленді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі