Әріптестігіміз артып келеді

04.06.2012

Көрулер: 1775

Бүгінгі ректорат мәжілісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазақстан Республикасы жобалау менеджерлерінің одағы» қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандумға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов пен ҚР жобалау менеджерлері одағының президенті Алексей Цеховой және экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева қол қойды.


«Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт арқылы магистранттарды даярлауда күшімізді біріктіріп отырмыз. Бұл екіжаққа да тиімді деп сенемін», - деді өз кезегінде Алексей Цеховой.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі