Жаңалықтар

«Академиялық ықпал» БҰҰ журналындағы жарияланым

03.08.2012

«Жарқын идеялар» жобасының UNAI мүшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ), Алматы қаласының гүлденіп, дамуына арналған қарапайым, бірақ, тиімді идеяларды әзірлеуге Қазақстан студенттерін бірігіп жұмыс істеуге шақырады. Халықаралық бiрлестiктер қазіргі кезде жоба жетiстiктеріне назар аударуда. Жақында QS Top Universities интернет басылымында жоба бойынша ҚазҰУ студенттерінің ықпалымен жүзеге асып жатқан шаралар жарияланды.

Ары қарай оқу >>

TEDxAlFarabiU - 2012

01.08.2012

ҚазҰУ 2011-2012 оқу жылының бірден-бір маңызды іс-шараның бірі TEDxAlFarabiU. TEDx-тің мақсаты ғаламдық кеңістіктегі жаңа идеяларды есту және тыңдау болып табылады. TED-қа қатысушылар қатарында нобель сыйлығының лауреаттары, президенттер, ірі корпорацияның негізін қалаушылар, суретшілер, жазушылар, қоғам қайраткерлері және т.б. әйгілі тұлғалар шақырылады.

Ары қарай оқу >>

Олимпиадалық алтынға басты үміткер ҚазҰУ студенті!

31.07.2012

Ауыр атлетикадын әлемнің екі дүркін чемпионы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Светлана Подобедова Лондон олимпиадасында 75 кг дейінгі салмақ бойынша ауыр атлетикадан олимпиадалық медалдің басты үміткері. Ол өзінің спорттық мансабында ешқашан рекордты жаңартпаған, дегенмен жеңіске біртабан жақын Светлананың Қазақстан қоржынына «Алтын» салуға үлкен мүмкіндігі бар.

Ары қарай оқу >>

Жанкүйерлер жарысқа жеңіс тілейді!!!

30.07.2012

Ертең Лондон Олимпиадасында су добынан ерлер арасындағы жарыстың II туры өтеді. Австралиялықтармен жарыс бәйгесіне түсетін Қазақстандық құрамаға ҚазҰУ студенті Алексей Шмидер қатысады. Ол осы жылдың басында Жапонияда Чиба қаласында өткен квалификациялық Азия чемпионатында олимпиадалық лицензияны алуға септігін тигізген жарыстың соңғы 37 секундында Қазақстанға маңызы зор жеңіс сыйлады.

Ары қарай оқу >>

Құрметті түлектер! 25 шілде күні Қазақстан Халық Банкінің төрағасымен онлайн-конференция өтеді

23.07.2012

Сағат 15.00 Қазақстан Республикасы Халық Банкінің төрағасы Григорий Марченкомен «Өзіңді-өзің көрсет - Қазақстанның Халық Банкінен мансабыңды баста!» атты онлайн-конференция студент-жастармен интерактивтік жүйедегі әңгімелесуі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу

20.07.2012

Жастар тәжірибесінің құрылу мақсаты мамандық бойынша тәжірибе алу, жұмыс нарығында жастар арасындағы бәсекені арттыру болып табылады. Жастар тәжірибесі өндірістерде, ұйымдарда өткізіледі. Түлектердің жастар тәжірибесіне қатысу мерзімі 6 айдан аспай, жалақы төленіп тұрады. Жұмыс берушілердің ықыласымен түлек тәжірибе біткеннен кейін сол мекемеге жұмысқа орналаса алады.

Ары қарай оқу >>