Жаңалықтар

Үстел теннисінен жүйріктер жарысы анықталды

22.05.2012

«Сұңқар» кубогы үшін №17 жатақханада үстел теннисінен факультетаралық жарыс өтті. Жарысты «Сұңқар» Жоғарғы Студенттер Ұйымы демеушілік жасауымен «Дода» Филология факультетінің спорт клубы ұйымдастырды. Жарыс студент жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ақын Олжас Сүлейменов атындағы ғылыми орталық ашылады

19.05.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов атындағы ғылыми орталық ашылады. Онда Олжас Омарханұлы жас лингвистерге өзі ғылыми жетекшілік етіп, тіл білімін үйретеді. Бұл жобаны академик, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Олжас Сүлейменовтың филологтар мен лингвистерге 19 мамыр күні аталмыш білім ордасында жүргізген «Сөзді сүю» атты шеберлік сыныбы барысында айтты.

Қоғам қайраткері жас зерттеушілер мен линвистрерге, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқытушыларына жүргізген шеберлік сыныбында ежелгі түрктер, түрк руникасы және өзге жазулар мен жазбалардың, ұғымдардың шығу төркіні туралы баяндады. Ақын өзінің бұл бағыттағы зерттеулеріне арнап “Мың бір сөз” атты кітап дайындап жатқандығын жеткізді. “Африканың экватор белдеуінен жүздеген мың жыл бұрын еңсе көтерген адамзат – ұлт пен ұлысқа бөліне-бөліне – әуелі солтүстік Африка, сосын Жерорта теңізі, Таяу Шығысты жайлап дүниеге сөз таратты. Заманалар белесінде – отбасы шеңберінен шығып –макрогруппа – үлкен топ деген ұғымға ұласты. Ұлы көш миллиондаған жылға созылып, жаңа сөз – лексика шоғырын, сөз галактикасын туғызды” дейді ақын. Кәсіби мамандығы геология саласына арналғанымен лингвистикамен ұзақ жылдар айналысатын қайраткер студенттерді университет қабырғасында оқытушы-профессорлар негізін қалаған базалық білімді оқуды бітіргеннен кейін де өзіндік ізденіспен толықтырудан, жетілдіріп отырудан, үнемі оқудан жалықпау керек деген ойға жетеледі. Елімізге ғана емес әлемге есімі кеңінен танымал тұлғаның шығармашылық қабілеті, шеберлігі жас ғалымдарды қызықтырды. Олар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жауап алды. Академик Ғалым Мұтанов атап өткендей, ақынның лингвистикалық бастамасына қызығушылық танытқан ізденушілер енді жаңадан ашылатын орталықта Олжас Сүлейменовпен бірлесе жұмыс істеп, өз білімдерін дамыта алады.

Ары қарай оқу >>

Нобель сыйлығының лауреаттары ҚазҰУ-да лекция оқиды

19.05.2012

20 мамыр 2012 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универстетінің оқытушылары мен студенттері Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге аты танымал математик, экономист Джон Форбс Нэшпен кездеседі. 22 мамыр күні физика саласы бойынша лауреат Мюррей Гелл-Манн және экономист Кристофер Писсаридес лекция оқиды.

Ары қарай оқу >>

Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің назарына!

18.05.2012

21 мамыр, сағ. 10.00-де Механико-математика факультетінің қызыл залында өтетін Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ шәкіртақысының брифингісіне қатысуларыңызды шақырады.

Ары қарай оқу >>

Тарихтың тың деректерін оқырманмен қауыштырды

18.05.2012

Қазақ тарихындағы тың деректер көпшілікке ұсынылды. 18 мамырда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Е. Бекмаханов атындағы дәрісханасында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын ХVІІІ томдығының тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

«Сөзді сүю» атты шеберлік сыныбы өтеді

18.05.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақын-дипломат, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі Сүлейменов Олжас Омарұлы студенттермен, оқытушылармен және лингвистермен кәсіби кездесу өткізеді. Кәсіби кездесу барысында қоғам қайраткерінің «Сөзді сүю» («Любить слово») атты шеберлік сыныбы өтеді.

Ары қарай оқу >>

18 мамыр – Музей күні

18.05.2012

18 мамыр халықаралық музей күні 1977 жылдан бері атап келеді. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне заң ғылымдарының докторы, академик Сұлтан Сартаев өз кітаптарын қолтаңбасымен сыйға тартты. Осы орайда арнайы Алмат Мұхамеджановтың фотостудиясынан фотокөрме ұйымдастырылып, ашық есік күні өтуде. Музейге келем деушілерге есік ашық.

Ары қарай оқу >>

"Ш.Ш. Сәрсембиев оқулары" аясында конференция өтуде

17.05.2012

17 мамыр күні физика-техникалық факультетінде ҚР ҰҒА академигі Ш.Ш.Сәрсембиновтың құрметіне арналған «Конденсирлеген күй физикасы, нанотехнологиялар және наноматериалдардың заманауи мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

Екі елдің докторанттары мен магистранттарды кездесті

16.05.2012

11 мамырда Американ және демократиялық зерттеулер ресурстық орталығында Әскери Колледж тыңдаушылары (АҚШ, Вашингтон) мен халықаралық қатынастар факультетінің докторанттары мен магистранттары арасында кездесу өтті. Кездесу «презентация-талқылау» форматында өткізілді.

Ары қарай оқу >>