ҚазҰУ-да профессор Джозеф Строблменнің қатысуымен онлайн-семинар өтті

06.06.2012

Көрулер: 2515

География және табиғатты пайдалану факультетінде Зальцбург университетінің профессоры, ГАЖ (геоақпараттық жүйе) және Геоинформатика орталығының директоры, Австрия Ғылым Академиясынның ГА ғылым инстутының директоры Джозеф Строблмен докторанттар мен магистранттардың қатысуымен «Географиялық зерттеулердегі ГАЖ» атты тақырыпта онлайн-семинар өткізілді.


Профессор Дж. лекциясы тыңдалып, барлық докторант, магистранттар тарапынан сұрақтар қойылды. Онлайн-семинар барысында география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі г.ғ.д., проф. Г.Н.Нүсіпова проф. Дж.Строблға өз алғысын білдіріп, болашақта маңызды және қызықты семинарлар онлайн-режимде жалғасын табатынын айтты. Онлайн-конфереция барысында И.Б.Сарсенова, Д.К.Шоқпарова, А.Калимурзина, М.Құдайбергенов және т.б. докторанттар мен магистранттар атсалысып, өз ғылыми жұмыстарында ГАЖ әдісін қолдану бойынша мазмұнды кеңестер алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушы комитет семинардың ақпараттылығы мен сапалы деңгейде өткізген білікті маман Асулан Кенжебековке өз алғысын білдірді.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы