Балатай Мариямгүл, Гиниатова Арайлым

     Шетелде білім алу - беделді, әрі тиімді. Қытай университеттері әлемде мүмкіндіктер мен мамандықтарды оқыту бойынша жоғары орынға ие, содан кейін мемлекетте және онымен жұмыс істейтін елдерде жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасу оңай. Біз осы мүмкіндікке ие болғанымызға өте ризамыз. Қуанышымзға орай,, Чжуннан экономика және құқық университетінің оқытушылары, басшылығы бізге өте мейірімді және әрқашан кеңес беріп, көмектесуге дайын тұрады. Сондықтан біз "Қытайда оқу керек пе?" деген сұраққа қуана-қуана "Иә!" -деп жауап береміз. 

     Біз оқып жатқан Университет 1948 жылы құрылған, қазір Хубей провинциясы, Ухань қаласында орналасқан. Университет бізге жатақханадан екі адамдық бөлме берді, онда біз, Мариямгүл және Арайлым бірге тұрамыз. Университеттің ауданының үлкендігі соншалық (210 га), кампустан шығу үшін жаяу 30 минут жүрудің орнына студенттер мапед қолданады. Бірінші аптада біз жиі сыртқа шығуға тырыстық, сондықтан көптеген қызықты жерлерді таптық. Осы апта ішінде біз кампустың барлық танымал жерлерін аралап көрдік, сонымен қатар қала орталығына барып, 1910 жылы салынған еуропалық ауданда болдық.

     Қала мен тілді білмей қалаға бару өте қиын екенін енді түсініп жатқан секілдіміз. Бұрын соңды біздің басымыздан мүндай ситуация өтпеген соң, сезімдеріміз біз үшін ерекше болды. Тілді жақсы меңгеріп барсақ та, әр қайсысының әртүрлі диалектіне үйренісіп, түсіну қиынға соқты. Бірақ, бізке көмекке біздің университетте магистратурада оқитын қазақ студент Жанна деген қыз келді. Ол бізге университетке, тіл және адамдарға үйренісуге көп әсерін тигізе алды.

     Бұл эсседе біз кешкен барлық маңызды, әрі қызықты нәрселерді жазуға тырыстық, бірақ бұл сезімдер мен бастан өткергеннің бәрін сөзбен айтып жеткізу қиын.