Нурланкызы Асылжан

Мен бала кезімнен Түркияда оқуды армандадым, өйткені Түркияның мәдениетіне, табиғатына, салт-дәстүріне қызығатынмын. Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасына оқуға түстім, академиялық ұтқырлықтың арқасында арманымды орындадым. Қазіргі уақытта мен Анкарада оқимын, Хаджи Байрам Вели (қысқартылған AHBV) университеті – Түркиядағы мемлекеттік университет, 2018 жылы 18 мамырда Гази университетінен бөлініп шығу арқылы құрылған.

Кампустағы атмосфера американдық университеттерді еске түсіреді. Студенттер ашық, ізденімпаз, оқуға жауапкершілікпен қарайды және академиялық білімге ұмтылады. Сонымен қатар, студенттер шахматтан регби үйірмесіне және коньки тебуге дейінгі студенттік ұйымдарға тартылады. Сыныпта тамақ, шай және түрік кофесі бар дастарханның болуы қалыпты жағдай.

Университетте мен жаңа білім, жақсы әріптестер мен достар таптым. Мұғалімдер кәсіби, білімді және өте көңілді. Сабақтар жағымды жағдайда өтеді, барлығы сабақ процесіне белсенді қатысып, өз білімдерімен, ойларымен бөліседі. Анкарада оқу - мені білімге ғана емес, сонымен қатар жаңа ашылымдарға, жаңа салаларға ашық болуға үйретті. Осы мүмкіндік үшін университетіме және ұстаздарыма алғыс айтамын.

Нұрланқызы Асылжан