Толыбаева Жазира

Мен өткен жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне магистратураға оқуға түстім. Студент кезімнен шет елде білім алып, білім беру жүйесіндегі әдіс – тәсілдерін, өзгешеліктерін үйренгім келетін. Университетіміз білім алушыларына 6 айға академиялық ұтқырлықпен басқа жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді.

Мен 2022 жылдың желтоқсан айында Анкара Хаджы Байрам Вели университетінде 1 семестр оқуға өтініш жаздым, 1 айдан кейін құжаттарымды жинадым. Университеттегі қызметкерлер бізді жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлығын көрсетті. Оқытушыларымыз сапалы білім беріп, бос уақытымызда басқа дәрістеріне қатысуға мүмкіндік берді. Университетімізде білім алушыларға арналған теннис, баскетбол, шахмат, оқырман, жүзу клубтары болды, біз жүзуге арналған клубқа жазылдық. Одан бөлек бос уақыттарымызда қаланы зерттедік, Мұстафа Кемаль музейінде, ескі қалада, мемлекеттік кітапханада, Анкара ашық алаң үй жануарлар музейінде болдық. Осы мүмкіндік үшін университетіме алғыс айтамын.

Толыбаева Жазира