Досмурат Айдария

 


         Менің бала кезден арманым шетелдік үздік университеттерде білім алу болды. Мектеп кезімнен бастап жақсы оқуға тырыстым. Тарих сабақтарына өте қатты қызығатынмын. Мектепті бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне грантқа түстім.

       Менің мамандығым түркітанушы. Қазіргі таңда 2 курста оқыймын. Мамандығым тікелей түркі әлемімен байланысты болғандықтан, білімімді жетілдіру мақсатында академиялық мобильностпен Түркияның Эскишехир қаласындағы Эскишехир Османғазы университетін таңдадым.

         Түркия - түркі елдерінің ішіндегі тарихқа бай, өзіндік мәдениеті мен тарихи архитектуралық ғимараттары бар мемлекет. Мен оқитын Эскишехир қаласы көне таихы бар, нағыз студенттер қаласы. Білім алуға қолайлы қалалардың бірі деп санаймын. Себебі, студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Қала тыныш әрі таза. Ал университет қалашығы тіпті керемет. Университетте әр факультетке арналған ғимараттар, мешіт, спорт алаңы, емхана тіпті базар алаңына дейін бар. Әр түрлі елден келген студенттер көп. Олармен арласу әр елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Оқытушалардың сабақ беру бағдарламасы да маған қатты ұнады. Шетелде білім алуыма мүмкіндік берген Әл-Фараби атындағы Қазақ университетіне және Эскишехир Османғазы университетіне көп алғысымды білдіремін. Түкияда білімімді жетілдіру арқылы бала күнімдегі армандарымның бірін орындадым.

         Университетті тәмамдаған соң оқуымды жалғастырып, маман біліктілігімді арттырғым келеді. Түркияға магистратураға тапсырамын. Бұл салада тәжірибем бар екеніне қуаныштымын.

Досмурат Айдария