Ақыл Аружан, Аманбаева Нұрдана, Мұқанбетсадық Аяулым

      Мүмкіндік барда жіберіп алмау керек. Қытай тіліне деген қызығушылығымызды арттырып, Қытай елінде оқу мүмкіндігі университетіміздің оқытушысы Матай Сабира апайымыздың арқасында жүзеге асты. Алып Қытай елінің орталығы саналатын Ухань қаласында білім алу туралы армандаған едік. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінде 3-курсқа аяқ басқаннан кейін бізге академиялық мобильділік бағдарламасымен шетелде білім алу мүмкіндігі туды. Осы мүмкіндіктің арқасында қазіргі таңда Қытай бойынша білім қаласы саналатын Ухань қаласында орналасқан, 1948 жылы іргетасы қаланған, әдемі кампусымен ерекшенетін Чжуннань экономика және заң университетінде оқып жатырмыз. Бұл университет барша білім қуып келген жандарға құшағын айқара ашқан адамдарымен, қаншама жылдық тарихымен, үздік білім беру жүйесімен таңдандырды. Оқытушылардың біліктілігі мен білім алушыларға деген ықыластары, инновацияландырылған жан-жақты мүмкіндіктер – ақпаратсыз қалдырмайды. Оқу процесі кезіндегі еркіндіктің деңгейін студенттердің кез-келген сұрақтарын қойып, әр білім алушы өз ойын ашық жеткізуімен,оқытушымен түрлі талқылаулар болатындығынан байқауға болады. Осы университетке келгелі көптеген жаңа ақпараттар алып, білім алуда және беруде жаңа әдістерді үйреніп, әрқашан көмек қолын созатын көп достар таптық. Қазіргі кезде университеттегі үздік білім мен білікті мұғалімдерден сабақ алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Сондай-ақ, айта кетуі керек, мұндағы білім алушыларға көптеген мүмкіндіктер бар - студенттер асханасы, бассейн, түрлі спорт алаңдары, т.б. Қалаға келетін болсақ, Ухань қаласының өзіндегі көрікті жерлер, музейлер, театрлардың саны өте көп. Соның ішінде ерекше атап өтетін өзендер мен көлдер.

       Осындай тәжірибесі мен берері мол мүмкіндікті бергені үшін ҚазҰУ университетіме және оқытушыларыма шексіз алғыс білдіргім келеді.