САҒИТОВ МАРУАН НАДЫРХАНҰЛЫ

САГИТОВ МАРУАН НАДЫРХАНҰЛЫ

 физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

 1971-1975 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы

 1975-1977 жж. механика және қолданбалы математика факультетінің деканы

 

1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қызыл ауылында дүниеге келген.

  •  Білімі

 1936-1942 жылдары 8-сыныпқа дейін орта білім алған, 1942-1945 жылдардағы Отан соғысы кезінде В.К.О. Таврия ауданының колхоздық егіс алқабында жұмыс істеген.

 1945 жылдан бастап мектепте оқуын жалғастыра бастады.

 1948 жылы Семей қаласының No11 орта мектебін алтын медальмен бітірген.

 1955 жылы  Ломоносов М.В атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

 1964 жылы Киров С.М атындағыҚазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.  

 1986 жылы ES-ECM I022, Искра-И256 ҚазМУ компьютерлік технологияларды меңгеру курсын бітірген.

 1977 жылы  кешкі Марксизм-Ленинизм университетін бітірген.

 

  • Жұмыс тәжірибесі

 Оқудан тыс уақытта Жаңа-Семей қаласындағы 5 орта мектепте математика, физика пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды.  Сондай-ақ, Ұлан ауданы бойынша   инспектор болды.

 1984-1985 жж.  мұғалімдік қызметте оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми және қоғамдық жұмыстарды атқарды.