УӘЛИЕВ ГАХИП

                        Уалиев Ғахип Уәлиұлы 

         Техника ғылымының докторы , профессор , Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының , ҚР Инженер  және ҚР Жоғары мектеп  ғылымдар академияларының академигі КСРО Жоғары мектебінің  және ҚР Білім беру ісінің  үздігі.  КСРО ғылым академиясының машинатану институтында стажер-зерттеушi, аспирант , ҚазМУ-да аға оқытушы, доцент , кафедра меңгерушiсi , декан , ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор1983 жылдан 1989 жылға дейін ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

1941 жылы 14 қaрaшaда қaзіргі Пaвлодaр облысы Железинкa aудaны Еңбекші aуылындa дүниеге келген.

  • Білімі

Пaвлодaр облысы Железинкa aудaнындағы қазақ орта мектеп – интернатын  бітіргеннен кейін, аталмыш ауданның екі мектебінде математика және физика пәндерінен сабақ береді.

1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің механика – математика факультетіне түсіп, оны 1965 жылы ойдағыдай аяқтап шықты.

1965-1967 жылдар аралығында КСРО Ғылым академиясының машинатану институнда «машиналар тербелісі» лабораториясында академик К.В.Фроловтың (РҒА Машинатану институның директоры) басшылығымен ғылыми тағылымдамадан өтті.

1967-1970 жылдары аспирантураның күндізгі бөлімінде оқи жүріп, тоқыма машиналарының тербелісі және серпімді түйінді механизмдердің динамикасы саласы бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды.

  • Жұмыс тәжірибесі

1970-1973 жылдары ҚазМУ – дың механика – математика факультетінде математик – программалаушы, аға мұғалім болып жұмыс істеді.

1973-1983 және 1995-1999 жылдар аралығында ҚазМУ – дың қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі болды. Әрі осы кезеңдерде «Теориялық механика», «Машиналар механизмдерінің теориясы» сабақтарынан жалпы және «Машиналар динамикасы», «Жұдырық механизмдерінің анализі және синтезі», «Аналитикалық механика», «Серпімді түйінді механизмнің динамикасы», сабақтарынан арнайы курс бойынша лекциялар оқыды.

1983-1989 жылдары механика және қолданбалы математика факультетінің деканы.

1989-1992 жылдары ҰазМУ – дың проректоры.

1992-1995 жылдары ҚР ЖАК төрағасының орынбасары.

1999-2002 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті физика – математика факультетінің деканы.

2002-2008 жылдары механика және машинатану ғылыми – зеріттеу институты директоры.

1999-2015 жылға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ – дың Механика және қолданбалы физика кафедрасының меңгерушісі болды.

2016 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ – дың Құрметті кафедра меңгерушісі.

Мемлекеттік ,үкіметтік және өзге де марапаттары

1981        Қазақ мемлекеттік университетінің Құрмет грамoтасымен марапатталады.

1982       Ғылым және техника саласы бойынша Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлыгынын лауреаты атанды

1984       Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім Министрлiгiнiң Кұрмет грамотасымен марапатталды . 

1985      « КСРО Жоғары мектебiнiн үздiгi >> белгiсiмен марапатталды

1987        Қазақ мемлекеттік университетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1991       « Енбек ардагері >> медаліменмарапатталды .

2000       << Қазақстан Республикасы  бiлiмiнiнуздiгi >> белгiсiмен медальімен марапатталды .

2001        « Казакстан Республикасыныңтәуелсiздiгiне 10 жыл » мерекелік медальімен марапатталды

2004  ҚР Ұлттык инженерлiк академиясының Ө Жолдасбеков атындағы сыйлығының лауреатыатанып , « Ғылым және техника саласындағы үздiкжетiстiктерi үшiн » Бiрiншi Алтын медаліменмарапатталды .

2008         Көп жылғы бiрлесiп жасалган ғылымижұмыстар жетiстiктерi үш Ресей Ғылымакадемиясының « Құрмет » грамотасыменмарапатталды .

2010         Еуропалык грант иегері атанып ,<< Үздікғылыми - ұйымдастыру қызметі>>  үшін Алтын медалімен   ( Франция - Швейцария ) марапатталды.

2011         Ресей академиясының А. Нобель медалімен марапатталды.

  • Ғылыми қызметі 

1973-83 жылдары және 1995-99 жылдар аралығында ҚазМУ-дың қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі болды, әрі сол кезеңдерде «Теориялық механика», «Машиналар механизімінің теориясы» сабақтарынан және «Машиналар динамикасы», «Жұдырық механизмдерінің анализі және синтезі», «Аналитикалық механика», «Серпімді түйінді механизмнің динамикасы» сабақтарынан арнайы курс бойынша лекциялар оқыды.

 

Ғахип Уәлиев механика, серпімді түйінді ауыспалы жүйе механизмдерінің динамикасы, механизм-автоматтарды анализдеу және жобалау, машиналардың сынау механикасы, ақпаратты-өлшегіш және бақылау-тіркеу қондырғыларын, аспаптарда және электромеханикалық шама бойынша белгілі ғалым. Оның 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Оның ішінде үшеуі монографиялық еңбек, 3-уі оқу құралы, 4-уі оқу-әдістемелік құралы. Ол Италияда, ГФР-да, Шфейцарияда, Қазақстанда 10-нан астам патенттің авторы және КСРО өнертапқышы. Теориялық және практикалық маңызы жөнінен аса тиімді нәтижелерге қол жеткізеді. Олардың ішінде:

 

Тәуелсіз қозғалысты ауыспалы жүйе механизмдерінің математикалық модельдерін құрудың аналитикалық әдістері жасалды;

Серпімді түйін және байланыстағы ауыспалы жүйе механизмдерінің синтезі және динамикалық анализ әдістері дамытылды;

Параметрлері сызықты емес технологиялық машиналардың динамикалық модельдерін двигательдер характеристикасын ескере отырып құруды автоматизациялау әдістерін жетілдіру;

Механикалық шамаларды өлшейтін қондырғы жүйелер және өлшеуіш құралдары жасалды.

Ғахип Уәлиев алғаш рет айнымалы құрылымды механизмдердің қозғалысын сипаттайтын дифференциялдық теңдеулердің айнымалы инерциялық коэффициенттерін анықтау үшін көп есептеу процедураларын қажет етпейтін, осындай жүйелердің қозғалысын математикалық модельдеудің традициялық әдістерінен өзгеше, аналитикалық әдісті ұсынды. Сонымен айнымалы құрылымды механизмдердің математикалық сипаттамасы үзілісті коэффициенттері бар дифференциалдық теңдеулер алу арқылы жасалды. Механизмдердің құрылымының өзгеруі динамикалық анализ кезінде орындардың және қозғалтқыш сипаттардың сызықты емес функцияларын ескеріп жүзеге асырылады.