ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ АЛМАТБЕК БАЛҒАБЕКҰЛЫ

Қыдырбекұлы Алматбек Балғабекович

техника ғылымдар докторы, профессор

 

1960 жылы қазан айының 12 жұлдызында Алматы қ. дүниеге келді.


  • Бітірген оқу орны

Алматы қаласындағы №56 орта мектебін бітірген.

С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін механика мамандығы бойынша  бітірді (1977-1982 жж.).

 

  • Ғылыми дәрежелері

1986 ж., техника ғылымдар кандидаты«Машиналар механизмдерінің теориясы» мамандығы.

Ғылыми жетекшілеріҚазақ ССР ғылым академиясының академигі, техн.ғыл.докторы, профессор Ө.А.Жолдасбеков,

техн.ғыл.докторы, профессор Е.Р.Рахимов.

2010 ж., техника ғылымдар докторы, «Машиналардың, аспаптардың және аппаратуралардың динамикасы мен беріктігі»мамандығы.

Ғылыми консультанты: техн.ғыл.докторы, профессор Е.Р.Рахимов.

 

2019 ж., valid member (academician) of the International Eurasian Academy of Sciences (IEAS).

 

  •  Қызмет істеген жерлері 

С.М.Киров атындағы Қазақтың  мемлекеттікуниверситетінің стажер-оқытушы, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, машиналар механикасы оқу-зерттеу зертханасының меңгерушісі (1982-1989жж.), 

ҚазССР ҒА математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері (1989-1990жж.),

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңаға оқытушысы, доценті, кейін профессоры (1991-2013 жж.), сонымен бірге академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты зертханасының меңгерушісі (2003 ж.- қазіргі кезең), 

механика-математика факультетінің деканы (2013-2015 жж.), 

ҚазҰУ-ға қатысты математика және механика ғылыми-зерттеу институтының директоры (2015 ж.- қазіргі кезең).