ҚАЛМЕНОВ ТЫНЫСБЕК ШӘРІПҰЛЫ

 

ҚАЛМЕНОВ ТЫНЫСБЕК ШӘРІПҰЛЫ

физика-математика ғылымының докторы

1985-1991 жылдары механика-математика факультетінің деканы

1946 жылы 5 мамырда Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы С.Сейфуллин атындағы үжымшар да туылған.

  • Білімі

1969 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін бітірді.

1972 жылы КСРО Ғылым академиясы Сібір болімшесіне қарасты Математика институтының аспирантурасын аяқтады.

1973 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

  • Жұмыс тәжірибесі 

1985-1991 жылдары  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті математика факультетінің кафедра меңгерушісі және деканы, Мамандандырылған аймақтық (Қазақстан және Орта Азия) диссертациялық кеңестің жетекшісі қызметтерін атқарды.

1989 жылы ол ҚазМУ-да Қазақстанда алғаш Функционалдық талдау және Ықтималдықтар теориясы кафедрасын ашып, оны өзі басқарды, сол жылы ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесіне сайланды.

1991 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының ректоры болып тағайындалды.

1992-1996 жылдары Т.Ш.Кәлменов Қазак химия-технология институтының ректоры, ҚР ¥ҒА Оңтүстік бөлімшесі бюросының мүшесі және төраға орынбасары қызметінде болды.

1998-2003 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2002-2004 жылдар аралығында дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика теңдеулері мамандығы бойынша Диссертациялық кеңеске жетекшілік етті.

2004 жылы Алматыға оралды, сол жылы ҚР Білім Министрлігінің физика-математикалық зерттеулер орталығының бас директоры болып тағайындалды.

2019 жылы математика және математикалық модельдеу институтының дифференциалдық теңдеулер бөлімінің меңгерушісі қызыметін атқарды.

  • Мемлекеттік, үкіметтік және өзге де марапаттар

1978 жылы Ленин комсомолы сыйлығын иеленді.

1996 жылы «ҚР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» атағын алды.

2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды.

2009 жылы «Құрмет» орденімен  марапатталды.

2013 жылы "Дифференциалдық теңдеулер үшін бастапқы – шеттік есептер теориясына" жұмыстар циклі үшін оған ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

  • Халықаралық ғылыми форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру комитеттерінің мүшесі болды:

2006, 2010 жылдары Испания, Мадрид қаласы Халықаралық математикалық конгресі 

2007 жылы Түркияда Анкара қаласы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің дифференциалдық теңдеулер бойынша халықаралық конференциясы

2004, 2011, 2014 ж., Ресей Федерациясы, Приэльбрусье Новосібір Мемлекеттік Университетінде, аралас типтегі теңдеулер бойынша Ресей-Қазақстан симпозиумының тең төрағасы болды

Ол түрік және Алжир математиктерімен бірге екі жылда бір рет өткізілетін "International Conference on Analysis and Applied Mathematics" (ICAAM) халықаралық ғылыми конференциясының (ICAAM) төрағасы болып табылады

Халықаралық ғылыми конференцияларда пленарлық және шақырылған баяндамаларды бірнеше рет жасады: Иранда (2007 ж.), АҚШ (2008 ж.), Ұлыбританияда (2009, 2011 ж.), Испанияда (2006 ж.), Италияда (2010 ж.), Германияда (2009, 2010 ж.), Жапонияда (2009 ж.), Францияда (2009, 2010ж.), Қытайда (1993, 2002 ж.), Үндістанда (2010 ж.), Оңтүстік Кореяда (2014 ж.), Швецияда (2017 ж.), Бразилияда (2018 ж.), Австралияда (2019 ж.), Португалияда (2018 ж.), Ресейде және де ТМД-ның барлық елдерінде.

  • Ғылыми қызметі  

Т.Ш. Кәлменовтың еңбектерінде алғаш рет Ньютонның көлемдік потенциалының шекаралық шарттары табылды. Белгілі болғандай, бұл шарттар теориялық физикада өте маңызды "мөлдір шекаралық шарттар" әсерін сипаттайды екен. Олар шығыс толқындарды өткізіп, кіретін толқындарды бейнелейді екен. Көлемдік потенциалдың осындай шекаралық шартының болуы Зоммерфельд типіндегі сәулелену шарттары бар шексіз облыстағы есепті шектелген облыстағы есепке алып келуге және оны сандық әдістермен тиімді шешуге болатындығы көрсетілді. Бұл нәтижелер кейіннен жылу және толқындық потенциалдар жағдайында, Гельмгольц теңдеуі мен аралас типтегі теңдеулер үшін, оған қоса цилиндрлік емес облыстарда дамытылды. Оның шәкірттері мен ізбасарларының еңбектерінде көлемдік потенциалдың спектрлік теориясын дамытты, бұл жаңа нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа бағыт – көлемдік потенциалдың спектрлік геометриясын дамытуға негіз болады. Т.Ш. Кәлменовтың зерттеулерінің үлкен бір бөлігі интегралдық операторларға және шеттік есептерден туындаған операторларға арналған.

Т.Ш. Кәлменовтың математикалық шығармашылығына тән белгісі – математикалық проблемаларды шешудегі өзіндік тапқырлығымен және ұтымды тәсілдерінің көптігемен ерекшеленеді.

Математикалық физика теңдеулері теориясында, мысалыға, серпімділік теориясында, біртексіз бигармоникалық теңдеу үшін есептердің шешімін айқын түрде өрнектеу өте маңызды орын алады. Т.Ш. Кәлменов алғаш рет кеңістіктің кез келген өлшемді шарында Дирихле есебінің полигармоникалық Грин функциясы айқын түрде (элементар функциялардың терминінде) құрылды.

Академик Т.Ш. Кәлменовтың жетекшілігімен 60-тан астам кандидаттық диссертациялар және PhD докторының диссертациясы, 11 докторлық диссертация қорғалды. Оның 150-ден астам ғылыми еңбектері бар, олардың көпшілігі халықаралық математикалық журналдарда жарияланған. Оның ішінде 14 еңбегі "КСРО ҒА баяндамалары/ РҒА баяндамалары" журналында жарияланған. Тек соңғы 5 жылдың ішінде (2016-2020) ол Web of Science базасы бойынша индекстелетін ғылыми журналдарда 30-дан астам ғылыми жұмыс жариялады.

Академик Т.Ш. Кәлменов әлемдік деңгейдегі ғалым және үлкен ұстаз ретінде, тәжірибелі көшбасшы ретінде өзіне және басқа да ғалымдарға үлкен талап қояды. Бұл Қазақстандағы Математика ғылымының деңгейін жоғары әлемдік деңгейде ұстап тұруға көмектесуде.

Қазіргі кезде Т.Ш. Кәлменов Қазақстанның ең жарқын математиктерінің бірі және Басты көшбасшысы.

Т.Ш. Кәлменов талмас энергиясымен ғылыми жұмыстармен жемісті, нәтижелі айналысуда, шәкірттері мен әріптестерімен ғылыми идеяларды жомарттықпен бөлісуде, және де жаңа шығармашылық идеяларды жүзеге асыруда, және әлемдік математикалық проблемаларды шешу үстінде.