РОМАНОВ ВЯЧЕСЛАВ ИВАНОВИЧ

             

 

Романов Вячеслав Иванович

Математик, физика-математика ғылымдарының кандидаты,доцент

1975-1980 жылдары механика-математика факультетінің деканы болып қызмет атқарды

1937-жылы 1-қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

  • Білімі

1959 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Қазак Ұлттық университетін) тәмамдаған.

1967жылы («Қарапайым дифференциалдық теңдеулердің Периодтық және квазипериодтық шешімдері теориясына»)диссертация қорғаған.

  • Жумыс тәжірибесі

Университетті бітіргеннен кейін ассистент, аға оқытушы, доцент, механика-математика факультетінің деканының орынбасары болып жұмыс істеді.

1975-1980жж Механика- математика факультетінің деканы.

1987-88 жж ҚазКСР ағарту министрлігінің педагогикалық оқу орындары басқармасының бастығы, ғылым бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

1988-1996жж ҚР Білім Министрлігінің жоғары білім және ғылым Бас басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды

1997-2000жж ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының ғылыми хатшысы, бас үйлестірушісі  

2001-2004жж ҚР БҒМ ЖАК бас маманы 

2004-2010жж Қазақстанның кәсіптік білім беру ұйымдары қауымдастығының вице-президенті 

  • Мемлекеттік,үкіметтік және өзге де марапаттар

А. Байтұрсынов атындағы (ҚР ЖОО қауымдастығы,қауымдастығы

Ы.Алтынсарин атындағы күміс медальмен марапатталған.

КСРО Жоғары мектебінің үздігі, 

ҚР Білім беру ісінің үздігі, 

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

 

100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы