Білім беру бағдарламасы: 7М02309 Әдебиеттану

 

ББ атауы

7М02309 – Әдебиеттану

Саласы

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлау бағыты

7М023 Тілдер және әдебиет

Білім беру бағдарламаларының тобы

7М02309 – Әдебиеттану

Мақсаты

Бағдарлама сыни және сараптамалық ойлауға ие; қазіргі заманғы әдебиеттанудың және фольклористиканың теориялары мен тұжырымдамаларының іргелі білімдерін жүйелендіруге және түсіндіруге қабілетті; Менеджмент және әдебиет маркетингі саласындағы теориялық білім; Қазіргі әдебиеттанудың және арт-менеджменттің өзекті мәселелері бойынша өз пікірін дәлелдей алатын, пікірсайыс жүргізуге қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға; командада жұмыс істеуге бағытталған.

ББ бағдарламасын жүзеге асыру мынадай қабілеттері бар маманның тұлғалық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған:

1. Әлеуметтік гуманитарлық ғылым саласында терең білім көрсету, оның заманауи жағдайын, даму үрдістерін және заңдылықтарын түсіну.

Қазіргі заманғы әдебиет пен өнердің жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын, дербес ғылыми зерттеулер жүргізу барысында оларды зерделеу әдістері мен тәсілдерін түсіну және түсіндіру.

Көркем шығармашылықты зерделеуге арналған пәнаралық тәсілдің ерекшеліктерін түсіну.

Шет тіліндегі ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетті түсіну.

2. Қазіргі заманғы әдебиеттану мен фольклористиканың түрлі бағыттарын қалыптастыратын ғылыми білім жүйесіндегі ықпалдасу процестерін, жаһандану мен сананы жаңғыртудың әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың дамуына әсер ету ерекшеліктерін түсіну

Білім беру тілдері

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредит көлемі

120 академиялық кредит

Берілетін дәреже

«7М02309 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Оқыту нәтижелері

ББ аяқтаған соң магистрантар мынадай қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

1. ХХ ғасырдың соңы – XXI ғасырдың басындағы тарихи-мәдени процесс аясында әдебиеттану мен фольклортану саласындағы заманауи ғылыми білімді сипаттау.

Жаңа және бейтаныс мәнмәтіндерде, оның ішінде пәнаралық ғылыми конвергенциялар шеңберінде проблемаларды шешу үшін ғылыми білімді жинақтау.

3. Көркем шығармашылықты зерделеуге арналған пәнаралық тәсілдің ерекшеліктерін түсіну.

Әдебиет тарихы, теориясы, менеджменті саласында алынған нәтижелерге дербес зерттеулер жүргізу мен түсіндіру әдістерін және тәсілдерін меңгеру.

4. Филологиялық және әлеуметтік гуманитарлық ғылымның заманауи ғылыми бағыттары аясында көркем әдебиет және фольклор зерттеулерінің әдіснамасын пайдалану.

Қазіргі заманғы филологиялық және әлеуметтік гуманитарлық ғылымның жетістіктерін және даму бағыттарын, пәнаралық зерттеулерді ескере отырып ғылыми теорияларды таныстыру.

Кәсіптік білім алу процесінде шет тілін пайдалану.

Кәсіби қызметті іске асыру процесінде басқару психологиясының әдістері мен тәсілдерін қолдану.

5. Мәдениет, әдебиет туындыларына сараптама жасау аясында олардың мазмұндық, тілдік, стилистикалық ерекшеліктері тұрғысынан қазіргі заманғы көркем шығармашылықтың түрлі құбылыстарын терең зерделеуге арналған тәжірибелік технологияларды пайдалану.

Көркем, ғылыми, публицистикалық, аударма, сын, фольклорлық мәтіндерді зерттеу бойынша деректер жинаудың, алынған нәтижелерді талдау, зерделеу мен түсіндіру процесінің теориялық және мәтіндік рәсімдер кешенін жүзеге асыру.

6. Жоғары оқу орындарында әдебиеттану пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін таныстыру, көркем шығарма туындыларына сараптама жасау процесінде сандық және компьютерлік технологияларды қолдану.

7. Әдебиеттану, фольклортану, әдебиет менеджменті саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары дәрежесін, өзіндік ерекшелігін және шығармашылық тәсілін көрсету.

8. Пәнаралық зерттеулер, әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, өнер мен мәдениеттің даму үрдістері тұрғысынан әдебиеттану мен фольклортанудың өзекті проблемаларының тиімді шешімдерін табу.   Әдебиеттануға байланысты дербес зерттеулерді жүзеге асыруға қажетті компьютерлік технологиялар жүйелерін таңдау.

Білімді тұрақты түрде жаңғырту, кәсіби дағдылар мен шеберлікті кеңейту парадигмасында зерттеу және ашық (open-end) жобаларды жоспарлау мен жүзеге асыру; Оқу-білім беру мақсаттарында пайдалану үшін интерактивті веб-сайттарды әзірлеу.

9. Әдебиеттану мен фольклортанудың заманауи ғылыми мектептері тұжырымдамаларының теориялық білімін, олардың зерттеу практикасына іргелі және қолданбалы аспектілерін ықпалдастыру.

Ақпаратты талдау, бағалау, әдебиетттану мен фольклортану саласындағы проблемаларды шығармашылық тұрғыдан шешу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жинақтау мен негіздеу.

10. Әдеби, сыни, ғылыми негіздердің дерек көздерін өңдеу, талдау және ұсыну.

Қазіргі заманғы әлеуметтік гуманитарлық ғылымның ең жаңа жетістіктерін, көркем әдебиет менеджменті мен маркетингінің технологияларын, әдебиет пен мәдениет саласындағы PR технологияларды қолдану технологияларын сыни тұрғыдан бағалау мен талдау.

Көркем әдебиет менеджменті мен маркетингінің теориясы мен практикасын әзірлеуге өзіндік бірегей үлес қосу.

11.Жоғары білім ұйымдарында әдебиеттану, фольклористикалық және әдістемелік пәндер бойынша оқу сабақтарының (зертханалық, практикалық және семинар сабақтары) жекелеген түрлері бойынша білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру бағдарламаларын жүйелі түрде ұсыну.

Магистрлік диссертацияны таныстыру мен қорғау процесінде ғылыми және тәжірибелік зерттеудің алынған нәтижелерін және тұжырымдарын дәлелді түрде ұсыну.

Ана тілінде және шет тілінде тиімді жазбаша және ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыру, тәжірибелік-зерттеу және талдамалық жұмыстың нәтижелерін мақала, есеп, рецензия, сыни шолу, магистрлік диссертация түрінде қисынды түрде рәсімдеу және жинақтау.

12. Жұртшылық арасында өткен мен бүгінгінің әдеби мұрасын тарату мен үгіттеуге арналған ауқымды шығармашылық жобаларды дербес әзірлеу мен жүзеге асыру.

Стандартты емес жағдайларда икемді түрде бейімделу және қарым-қатынас стратегиясын құру, әлеуметтік-мәдени ортаны ескере отырып кәсіби және шығармашылық қызметті жүзеге асыру.

Әлеуметтік-мәдени саладағы шешімдерді қабылдаумен қатар жүретін құжаттарға сараптама жасау және оларды дайындау үшін жаңа ақпараттық технологияларды дербес игеру.

Абитуриенттер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1769

Академиялық әрекеттер

ББ академиялық қызметін төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- филология ғылымдары саласында, жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату арқылы;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұдайы және перспективалық жоспарлау арқылы;

- нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес кафедрадағы пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) арқылы;

-оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен.

Ғылыми әрекеттер

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін филология және әлем тілдері факультетінде Жамбыл атындағы қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының, Абай институтының зертханалары бар.

Халықаралық байланыс

Бағдарламада білім алушылардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан магистратураның 2 курсында өтуі қарастырылған. Осы мамандықтың магистранттары жыл сайын Гранада университетінде(Испания), Печ университетінде(Венгрия), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік универсиетінде (Россия), Гази университетінде (Турция) ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары білімм-білігін көтеру үшін, жаңа құзыреттіліктерді қалыптасытыру үшін, білім беру дағдыларын шыңдау үшін шетелдік тағылымдамалардан өтіп тұрады.

Сапаны қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен шаралар)

ББ Аккредитациясының болуы:

Халықаралық аккредиттеу: бар

Ұлттық аккредиттеу:

Аккредиттеу органының атауы: AQA

Аккредиттеу мерзімі: 23.09.2015-13.05.2020

 

ҚР ЖОО арасында білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы бойынша алған орны:

АРТА (НААР) – 1 орын

БСҚТА (НАОКО) – 1 орын

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады:

1. жоғары оқу орындарына;

2. баспалар;

3. ақпараттық агенттіктер;

4. мәдениет мекемелері;

5. БАҚ (әдеби басылымдар, радио, теледидар);

6. ҒЗИ және ҒЗО;

7. кітапхана;

8. мұражайлар;

9. тренингтік орталықтар;

10. жарнама агенттіктері.

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті:

1. білім;

2. ғылым;

3. жарнамалық қызметтер;

4. аударма қызметтері;

5. әдеби редакциялау және әдеби экспертиза қызметтері.