Білім беру бағдарламасы: 7М01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

ББ атауы

7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Білім беру саласы

7М01 – Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыты

7М017 – Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Мақсаты

Бағдарлама сыни және аналитикалық ойлау қабілетіне ие, қазіргі заманғы білім берудің әдістері, теориялары мен тұжырымдамаларының іргелі білімдерін жүйелендіруге және түсіндіруге қабілетті; қазақ тіл білімі мен әдебиеті саласындағы теориялық, әдіснамалық білімді игерген; қазіргі заманғы әдебиеттанудың және тіл білімінің әдістемелік мәселелері бойынша өз пікірін дәлелдей отырып, полемика жүргізуге қабілетті кәсіби педагог маман тұлғасын қалыптастыруға; командада жұмыс істеуге бағытталған.

Оқыту тілі

Қазақ тілінде

Кредит көлемі

120 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

«7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Оқыту нәтижелері

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласында терең білімді көрсету, педагогикалық ғылымдардың қазіргі жағдайын, даму үрдістері мен заңдылықтарын түсіну. Қазіргі білім беру салаларындағы жаңа теориялар мен концепцияларды түсіну және интерпретациялау, дербес ғылыми және әдістемелік зерттеулер жүргізу барысында оларды зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдану. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістерін зерделеуде пәнаралық тәсілдеменің ерекшеліктерін түсіну.
  2. Қазіргі қазақ әдебиетін және тілін зерттеудің әр түрлі бағыттарын қалыптастыратын педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі интеграциялық үрдістерді, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның дамуына сананың жаһандануы мен жаңғыруының әсер ету ерекшеліктерін түсіну. Әдеби-мәдени мұралар мен бүгінгі ғылыми жетістіктерді тарихи-мәдени үдеріс контекстінде қазақ тілі мен әдебиеті салаларындағы қазіргі ғылыми білімді сипаттау.
  3. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі ғылыми бағыттары контекстінде қазақ тілі мен әдебиеті материалдарын зерттеу әдіснамасын қолдану. Қазіргі педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның, пәнаралық зерттеулердің жетістіктері мен даму бағыттарын ескере отырып, ғылыми-әдістемелік теорияларды таныстыру.
  4. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануы салаларында өзіндік зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді интерпретациялау әдістері мен тәсілдерін меңгеру.
  5. Педагогикалық ғылым жетістіктерін, қоғам мен ұлттық мәдениеттің даму үрдістерін есепке ала отырып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік жағдайын, білім нарығын талдау, әдістемелік жұмыстарда қазіргі заман технологияларын қолдану. Мәдениет контекстінде қазіргі заманғы көркем шығармашылықтың түрлі құбылыстарын терең зерделеуге, әдеби шығармалардың мазмұндық, тілдік, стилистикалық ерекшеліктері тұрғысынан сараптауға арналған эксперименттік технологияларды қолдану.
  6. Жоғары оқу орындарында әдебиеттану, тіл білімі пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін таныстыру, көркем шығармаларды сараптау барысында сандық және компьютерлік технологияларды қолдану.
  7. Әдебиеттану, тіл білімі салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін көрсету.
  8. Пәнаралық зерттеулер, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары жетістіктері, өнер мен мәдениеттің даму тенденциялары контекстінде әдебиеттану және тіл білімінің өзекті мәселелерін тиімді шешу.
  9. Қазіргі заманғы қазақ әдебиеттануының және тіл білімінің ғылыми мектептерінің концепцияларының теориялық білімін, олардың іргелі және қолданбалы аспектілерін зерттеу практикасына біріктіру.
  10. Магистрлік диссертацияны қорғау және презентациялау барысында алынған ғылыми және эксперименталды зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын дәлелді түрде ұсыну.
  11. Қазіргі заманғы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның, әдебиет пен мәдениет саласында қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімін қолданудың жаңа жетістіктерін сыни бағалау және талдау. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориясы мен тәжірибесін әзірлеуге өзіндік түпнұсқа үлесін қосу.
  12. Қоғам арасында өткен және қазіргі әдеби мұраларды таратуға және насихаттауға бағытталған шығармашылық жобаларды өз бетінше әзірлеу және жүзеге асыру. Стандартты емес жағдайларда икемді бейімделу және коммуникация стратегиясын құру, әлеуметтік-мәдени ортаны ескере отырып, кәсіби және шығармашылық қызметті жүзеге асыру. Әлеуметтік-мәдени салада шешім қабылдауда жол көрсететін сараптама жүргізу және сараптамалық құжаттарды дайындау үшін жаңа ақпараттық технологияларды дербес меңгеру.

Талапкерлерге

https://www.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1463

Академиялық қызмет

ББ академиялық қызметі:

- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсыныстар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; кафедрада пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес жасалуымен;

- оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық рәсімдеумен;

- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асырумен орындалады.

Ғылыми қызмет

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының, Абай ғылыми-зерттеу институтының қорлары, зертханалар бар.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық бойынша ББ аясында білім алушылардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми-тәжірибелік тағлымдамадан өтуі қарастырылған.

Сапамен қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. ЖОО

2. ғылыми зерттеу институттары

3. колледждер

4. жалпы орта білім беру мектебі

5. білім беру орталықтары

6. газеттер, журналдар, редакциялар

7. баспалар, баспаханалар

8. аударма орталықтары

9. қалалық және аудан әкімшіліктері

10. банктер мен халыққа қызмет көрсету орталығы

11. баспасөз қызметі

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады:

1. Мектеп;

2. Колледж;

3. ЖОО;

4. білім беру мекемелері;

5. жарнама қызметтері;

6. аударма қызметтері;

7. редакторлық қызметтер.