Білім беру бағдарламасы: 7M02216 Түркітану
БББ атауы |
7M02216 Түркітану |
Білім саласы |
7М002 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыты |
7М022 Гуманитарлық ғылымдар |
Білім беру бағдарламасының тобы |
М054 Түркітану |
Мақсаты |
Білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындарына ғылыми және білім беру салалары үшін келесідей қабілеттерге ие кәсіби кадрларды сапалы дайындау: - білім беру бағдарламасы маманның келесідей тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған: - зерттеу жұмыстары аясында жоғары білім беру деңгейінде дамытушылық білімдер мен түсініктерін көрсету; - зерттеу саласымен байланысты кең ауқымды немесе пәнаралық шеңберде туындайтын мәселелерде, белгісіз жағдайларда білімдері мен қабілеттерін қолдану; - білімдерді интеграциялау, қиындықтарды еңсеру, толық емес немесе шектелген ақпараттар негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып пайдама жасау. |
Білім беру тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
Кредиттер көлемі |
120 академиялық кредит |
Тағайындалатын академиялық дәреже |
Гуманитарлық ғылымдар магистрі |
Білім берудің нәтижелері |
Білім беру бағдарламасын аяқтағанда күтілетін нәтижелер: - түркітануды жеке ғылым саласы ретінде дамытуда өзекті мәселелерді, пәнаралық байланыстарды қолдану; - түркітанушылық және пәнаралық білімдерді білім беруде, теориялық-әдістемелік мәндеттерді орындауда синтездеу. - түркітану саласындағы әртүрлі зерттеулерге жүйелі түрде баға беру; - қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілде тобынының қолжазба материалдарын заманауи әдістер арқылы талдау; ЮНЕСКО тізімінде бар немесе енуі мүмкін түркі халықтарының рухани, материалдық мәдени құндылықтары мен көне түркі жазба ескерткіштері бойынша ғылыми жобаларды орындау; - түркітану саласындағы өзекті мәселелерді анықтау, тұжырымдау, анықталған мәселелерді жаңа архивтік материалдар мен қолжазбаларды пайдалана отырып, ғылыми әдістер негізінде шешу. - түркі тілдік топтарының зерттеулерін модельдеу және жобалау, далалық зерттеулер арқылы алынған ғылыми нәтижелерді түсіндіру; - түркітануда зерттеулердің заманауи теорияларын қолдану, зерттеу нәтижелерінің мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіру және негіздеу, ежелгі және ортағасырлық қолжазба материалдарын пайдалана отырып, ғылыми мәселелерді айқындау, дәлелдеу және шешу; - түркітану саласындағы ғылыми зерттеулердің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау, тиісті әдіснаманы таңдау, көшпелі өркениет дамуының тарихи кезеңдерін анықтау және жіктеу; - магистрлік зерттеудің өзектілігінің бағытын құру, мақсат пен міндет қоюды нақты анықтау, зерттеу әдіснамасын негіздеу; алынған ғылыми нәтижелерді бағалау және түсіндіру. - пәнаралық ғылыми жобаларды әзірлеу, іске асыру жоспарын әзірлеу, ғылыми нәтижелер мен қорытындыларын болжау. - жоғары білім беру ұйымдарында түркітану бойынша оқу сабақтарының жекелеген түрлері (зертханалық, практикалық және семинарлық сабақтар) бойынша білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және тәжірибе жүзінде іске асыру; түркітануды оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану. - инновациялық идеяларды қалыптастыру, тәуелсіз гипотезалар жасау, кәсіби жетілдірудің траекториясын құру. - түркі халықтарының тілдік, әдебиеттану және тарихи ерекшеліктеріне қатысты өзіндік ғылыми зерттеулер әзірлеу; зерттеу жобасы бойынша негізгі қорытындылар жасау, зерттеу нәтижелерін таныстыру (түркологияны зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, есептер, мақалалар түрінде); кәсіби құзыреттіліктің тілдік параметрлерін еркін меңгерту. |
Абитуриенттер үшін |
https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/2225 |
Академиялық қызмет |
Академиялық қызмет БББ ғылыми-зерттеу қызметі саласында жүзеге асады: - ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу; - түркітануды оқыту бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жалпылау; - ғылыми тәжірибелерді және оларды оқу процесіне енгізу; - ғылыми және ғылыми-өндірістік мекемелерде бейіндік пәндер бойынша зерттеулерді орындау; - зерттеушілік қызметінің алгоритмін меңгеру; - гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін қолдану. |
Ғылыми қызмет |
Факультетте білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін - дәрісханалар, лабораториялар, - Әзірбайжан мәдениеті мен тарихы орталығы бар. Түркітану кафедрасының ғылыми бағыттары: - түркі әдебиеті мен тарихы, түркі мемлекеттерінің тарихы; - түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи акпектісі; - түрік тілі мен әдебиеті, шағатай тілі. Түркітану кафедрасында тіл білімі мен түркітануды, тарих, лингвистикалық түркітану, этнолингвистика, түркі тілдерінің салыстырмалы тарихы, лексикографи теорияларын, түрік тілін екінші шет тілі ретінде оқыту, аударма теориясы мен өзге де мәселелерді зерттейтін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары көне және ортағасырлық түркітану салалары бойынша зерттеу жұмыстарын теориялық, практикалық аспектілерді ұштастыра жүргізеді. Магистранттардың дамуына факультеттегі үйірмелер оң әсерін тигізеді. Үйірме сабақтарында магистранттар дәрістерде алған білімдерін қолдану мүмкіндігіне ие болады, ғылыми зерттеу жұмыстарын тәжірибе жүзінде жүргізу процесі мен нәтижелерін талқылайды. |
Халықаралық қызмет |
Халықаралық академиялық мобильділік аясында студенттер бір семестр немесе бір жыл көлемінде шетелдің төмендегідей ЖОО білім алады: – University of Michigan (АҚШ); – American University (АҚШ); – University of London (Ұлыбритания); – Uniwersytet Mikołaja Kopernika (Польша); – University of Adam Mickiewicz (Польша); – Ankara Üniversitesi (Түркия); – Istanbul University (Түрция); – Hacettepe Üniversitesi (Түрция) – МГУ им. М.В. Ломоносова (Мәскеу, Ресей); – Санкт-Петербургский государственный университет (Ресей); – Новосибирский государственный университет (Ресей). |
Сапаны қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) |
Білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациялар: Халықаралық аккредитация – FIBAA Ұлттық аккредитация - НААР, НКАОКА Аккредитацияның жарамдылық мерзімі: 24.11.2017-ден 31.12.2022-ге дейін Білім беру бағдарламасының рейтінгінің қорытындысы бойынша ҚР ЖОО арасындағы орны: НААР – 1; НКАОКА – 2. Мойындалған аккредитациялық агенттіктер Аккредитациялар институты, сертифакация мен сапаны қамтамасыз ету. ACQUIN Жұмыс берушілер: Түркітанумен байланысты зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлімдер, факультеттер, орталықтары бар Қазақстанның жоғарғы оқу орындары. Алматыдағы Түркия Республикасының елшілігі, Алматыдағы Өзбекстан Республикасы елішілігі, Алматыдағы Әзірбайжан елшілігі, қазақ-түрік лицейлері, Ұлттық кітапхананың сирек қорлар бөлімі, ҚР МСМ орталық мемлекеттік архиві. |