Білім беру бағдарламасы: 7M02303 АУДАРМА ІСІ (БАТЫС ТІЛДЕРІ)

Білім беру бағдарламасы

7M02303 – АУДАРМА ІСІ (Батыс тілдері)

 

Білім саласы

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

 

Дайындық бағыты

7М023 Тіл және әдебиет

Білім беру бағдарламаларының тобы

056 Аударма ісі, синхронды аударма

 

мақсаты

Әр түрлі жанрлардағы жазбаша аударманы жүзеге асыратын, аударма туралы ғылым дамуының заманауи үрдістерінің контекстінде аударма сапасына сыни талдау жасай алатын, аударма теориясы мен тәжірибесінің заманауи әдістемесін қолдана алатын, аударма ісі саласында ғылыми зерттеулер жоспарлап, жүргізетін, аудармаға үйретудің инновациялық технологияларын қолданатын, көркем, ғылыми, ғылыми-техникалық аударма мәтіндерді редакциялай алатын, аймақтық және әлемдік еңбек нарығының заманауи талаптарына сай бәсекеге қабілетті экономика, техника, ғылым, мәдениет салаларында қызмет атқара алатын жоғары білікті аудармашы-лингвистерді және білім беру саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7М02303 – Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі

Оқытудың нәтижесі

ON1 Аударманың жалпы, жеке және арнайы теорияларын оқу пәні ретінде оқыту; аударма теориясы мен тәжірибесінің заманауи әдістемесін талдау; аудармаға үйретудің негізгі дидактикалық қағидаттарын пайдалану; мәтіннің транслотологиясын классификациялау; транслатеманы аударма бірлігі ретінде дифференциялау;

 

ON2 Заманауи әдістемелерді қолдана отырып, аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу; аударма барысында аударма трансформацияларын қолдану және көркем мәтіннің лингвомәдени спецификасын есепке ала отыра, аудармашының стратегиясын бағалау;

 

ON3 Аударма ғылымының дамуындағы заңдылықтарды пайымдау үшін аударма ісінің заманауи теориялық бағыттарын бағалау; өзіндік зерттеулерді ұйымдастыру үшін аударма теориясы туралы білімді лингвистикалық пәндермен біріктіру; көркем аудармақағидаттарын типологизациялау үшін аударма және әдеби компаративистика саласындағы білімді жүйелеу;

 

ON4 Автор интенциясын шығармашылық тұрғысынан саралау және аударма мәтіннің барабарлығын бағалау мақсатында аударманың герменевтикалық теориясын қолдану; аударма мен аудармашыны тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы дәнекер ретінде дифференциялау; аударма трансформацияларының типологиясын негіздеу;

 

ON5 Аудармаға оқыту процесінің оңтайландыру тәсілдері жайлы білімді синтездеу; тәжірибелік сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды жасау; аударма техникасын үйретудің инновациялық тәсілдерін аудармашылық және тілдік қабілеттерді басқарумен және қарым-қатынастар шеңберінде біріктіру;

 

ON6 Аударма ісіндегі заманауи тенденцияларды жүйелеу және шолу жасау; аудармадағы инвариантты мәселелерді шешу үшін аударманың түрлерінің теориясы мен тәжірибесі бойынша идеяларды тудыру; аударманың герменевтикалық аспектілерін негіздеу; аударма стратегиясын жасау және психологиялық жағдайларды талдау үшін көркем мәтіннің танымдық негіздерін қолдану;

 

ON7 Аударма мәтінінің сапасын бағалау үшін аударманың негізгі моделдерін және транслатологиядағы баламалық деңгейлер теориясын қолдану; аударма ғылымының теориялық-аударма универсалиялары мен лингводидактикалық аспектілерін талдау және негіздеу; ғылыми мәтінді коммерцияландыру нысаны ретінде негіздеу;

 

ON8 Транслатология барысының қазіргі заманғы даму үрдістері контекстінде аударма процесінің кезеңдерін талқылау; аударма мен баламадағы тілдік интерференция және интерпретациялық   моделдерді негіздеу; аударманы функционалды-танымдық аспектіде талдау;

 

ON9 Теориялық тұжырымдамалар мен аударма баламасының әмбебап моделдерін саралау; аударма нәтижелерін бағалау кезінде аударма стратегияларын талдау және аударма мәтінін коммерцияландыру үшін ғылыми мәтіннің сөйлеу және композициялық нысандарын ескеру; әлемдік дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді аудару жайлы зерттеулерде ғылыми философия тұжырымдарын қолдану;

 

ON10 Әдебиеттану және аударма талдауы критерийлері негізінде әртүрлі әдеби жанрлардағы көркем мәтіндерді аудару; жоғарғы мектеп дидактикасының білімі негізінде көркем аударма мен әдеби компаративистиканың теориялық және практикалық аспектілерін талдау және оқыту; әр түрлі жанрдағы аударылған мәтіндерді бағалау; мәтіннің баламалығына қол жеткізу үшін лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, көркем және поэтикалық аударманы жүзеге асыру;

 

ON11 Ғылыми және көркем аударма мәтіндерін редакциялау; аударма мәтінін түпнұсқамен салыстырып, сыни бағалау жүргізу; аудармадағы қателердің себебін анықтау; аударманың нормативтік аспектілерін негіздеу;

 

ON12 Шет тіліндегі білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шет тіліндегі ғылыми-білім беру саласындағы мәдениетаралық коммуникацияны ескере отырып, мәдени, ғылыми-кәсіби ынтымақтастық процестеріне әсер ету үшін командалық бірлікте және көп ұлтты, көп мәдениетті ұжымда жұмыс істеуге байланысты дағдыларды көрсете алу; пікірталастарда ғылыми ұстанымдарды шет тілінде дәлелдеу.

 

өтініш берушілер үшін ақпарат

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1475

 

Академиялық қызмет 

Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті (Будапешт, Венгрия); 

Ноттингем университеті (Малайзия); 

Утрехт университеті (Нидерланды);. 

Костал Карилина университеті (АҚШ, Оңтүстік Каролина); 

Гумбольт Университеті (Германия); 

Стамбул университеті (Түркия). 

 

Ғылыми қызмет 

Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері, Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу, жетекшісі-д. ф. н., проф. Дадебаев Ж. Д. 

Ғылыми жоба:әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі қазақстандық аударматанудың қазіргі мәселелері: интелектуалды әлеует және даму болашағы,Басшы - Д.ф.н., проф. Тараков А. С. 

Кафедра оқытушыларының ғылыми қызығушылықтары: мәдениетаралық коммуникация, компаративистика, социолингвистика, герменевтика, аударма теориясы мен практикасы. 

 

Халықаралық қызмет 

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру:  

Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті (Будапешт, Венгрия); 

Ноттингем университеті (Малайзия); 

Утрехт университеті (Нидерланды);. 

Костал Карилина университеті (АҚШ, Оңтүстік Каролина); 

Гумбольт Университеті (Германия); 

Стамбул университеті (Түркия). 

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

 

 

"7М02303 – Аударма ісі" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы  2016 жылы халықаралық аккредитациядан өтті. (AQUIN агенттігі) 

НААР және НКАОКА рейтингісінің қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы 1 орынға ие болды.