Білім беру бағдарламаларасы: 7M02307 Лингвистика

Атауы

7M02307 Лингвистика

Білім беру саласы

7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

7M023 Тілдер және әдебиет

Білім беру бағдарламаларының тобы

M057 Лингвистика

Мақсаты

Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін кәсіби кадрларды сапалы даярлау:

- тіл білімі теориясы мен әдістемесінің жаңа жетістіктерін сыни бағалау және түсіндіру;

- лингвистика саласы бойынша зерттеу жұмыстарын аралас ғылыми салалардағы білімді интеграциялау арқылы өз бетінше жүзеге асыру ; ;

- лингвистика саласындағы өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға, сондай-ақ маман емес аудиторияға хабарлау;

- тіл білімі саласында оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;

- отандық және шетелдік рейтингтік журналдарда жеке және пәнаралық ғылыми нәтижелерді жоспарлау және жариялау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс және ағылшын

Кредиттер көлемі

120 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәрежесі

Магистр

Оқыту нәтижелері

Берілген білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистранттар келесі дағдылар мен құзіреттіліктерге ие болады деп күтіледі:

1 Ғылыми зерттеудің гипотезаларын, проблемаларын, мақсаттары мен міндеттерін құрастыру, лингвистикалық үдерістерді талдау және ҒЗЖ дайындау жағдайында лингвистикалық процестердің себеп-салдарлық байланыстарын орнату.

2 Ғылыми үрдістердің өзгермелілігін ескере отырып, өзінің ғылыми-зерттеу қызметінде ұғымдық-терминологиялық аппаратты пайдалану.

3 Тілдерді меңгеруде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану, оқу үдерісінде компьютерлік бағдарламалар мен технологияларды қолдану дағдыларын көрсету; магистратура жағдайында оқу үдерісіне сәйкес оқытудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылау; оқу үдерісін тиімді қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы жасау.

4 Толық деректер болмаған жағдайда тілдерді оқыту және тиісті кәсіби лингвистикалық дайындығы жоқ аудитория үшін де, мамандар үшін де өз идеялары мен қорытындыларын қисынды, нақты баяндау; білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ерекшелігін айқындау.

5 Лингвистикалық зерттеу рәсіміне сәйкес алынған деректерді жинауды, өңдеуді және түсіндіруді жүзеге асыру; қазіргі лингвистика саласындағы сенімді дереккөздермен жұмыс істеу.

6. Тіл мен қоғамның өзара әрекеттесуінің қазіргі жағдайында қазақ грамматикасының, орфографиясының және графикасының жаңа ережелерін қолдану, Еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты алынған білім мен қабілеттерді қолданудың неғұрлым тиімді салаларын анықтау.

7 ҒЗЖ-ның дұрыс және сенімді нәтижелеріне негізделе отырып, өз ұстанымдарын қорғау және оппоненттерді сендіру; табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті жеке қасиеттер мен дағдыларды көрсету (тілдерді меңгеру, тіл табысқыштық, толеранттылық, жалпы және фунционалдық сауаттылық, көшбасшылық қасиеттер, командада жұмыс істеу, баяндама жазу, сөз сөйлеу, компьютерлік технологияларды меңгеру) және саяси, білім беру, әлеуметтік-мәдени салаларда бастамашылық пен жеке жауапкершілік танытуды талап ететін қисаеттерін көрсету.

8 Тәуелсіз ғылыми талдауды жүзеге асыру үшін қажетті ең тиімді компьютерлік технологияларды таңдау.

9 Ғылыми мәтіндерді барабар сапалы аудару үшін тілдерді контрастивті сипаттау және тілдерді меңгеру саласындағы жаңа жетістіктерді пайдалану; жаңа педагогикалық технологияларды, әкімшілік басқару әдістерін қолдана отырып, аударма компанияларының, тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;

10 Қазақстан Республикасының орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді, орыс тілін және шет тілдерін оқыту бағдарламаларының бақыланатын тіл саясаты мен тілдік жағдайға сәйкес тиімділігін бағалау.

11 Ақпаратты талдау, модельдеу және генерациялаудың жалпы және жеке әдістерін қолдана отырып, лингвистикалық сараптама жасау және ұқсастықтар, әлеуметтік-экономикалық контекстке талдау жасау.

12 Күрделілігіне, жүйелілігіне, көлеміне, тілдік деңгейлеріне, мәтіндік материалына байланысты басқа тілдік корпустармен салыстыруда қазақ тілінің тілдік корпустарын әзірлеу.

Талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1482

Академиялық қызмет

ББ академиялық қызметін

- лингвистика бойынша жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде,

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдық және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне байланысты кафедра пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) келісумен;

-оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингісімен, нәтижелерді құжаттамалық рәсімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен байланысты жүзеге асырады

Ғылыми қызметі

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін келесі орталықтар жұмыс істейді:

- «Компьютерлік лингвистика» ғылыми-зерттеу орталығы

- Лингвистикалық сараптама орталығы

- «Британ орталығы: тіл және мәдениет»

- «Ги дэ Моппасан ат. Франкофон ресурстық орталығы. Академиялық жетістік орталығы»

 

Кафедраның ғылыми бағыттары:

- тілдің жалпы теориясы

- түркітану

- нейролингвистика және психолингвистика

- ономастика теориясы

- когнитивтік лингвистика

- сот-лингвистикалық сараптама

- мәдениетаралық коммуникация

- компьютерлік лингвистика

- корпустық лингвистика

- әлеуметтік лингвистика 

- тілдік қатынастар теориясы

 

- екінші тілді меңгеру мәселелері

Международная деятельность

Магистранттар Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті, Ресей халықтар достастығы университеті (Ресей), Утрехт университеті (Нидерланды), Гранада университеті (Испания), Торонто университеті (Канада), Лейден университеті (Нидерланды), Стамбул университеті (Түркия) сияқты шетелдік оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, білімдерін жетілдіреді. Магистранттар дәрісс тыңдап, шет   тілдерін оқып, зертханалар мен кітапханаларда жұмыс істеп, шетелдік ғалымдардан кеңес алады.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде тағылымдамадан, білім беру курстарынан өтеді, конференцияларға, симпозиумдарға және воркшобтарға қатысады. 

Сапаны қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық аккредитация, ұлттық аккредитация

Жұмыс берушілер:

  1. А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты ҚР БҒМ Ғылым комитеті
  1. Назарбаев зияткерлік мектептері
  2. «Тамос» білім беру орталығы

 

Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың келесі салалары үшін өзекті:

- білім беру

- ғылым

- өнер

- мәдениет

- мемлекеттік органдар

- БАҚ